Қамқоршылық кеңес жұмыстары туралы мәлімет » №37ОРТА МЕКТЕП
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№37 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Қамқоршылық кеңес жұмыстары туралы мәлімет
17
февраль
2022

Қамқоршылық кеңес жұмыстары туралы мәлімет





№37 орта мектебінің 2021-2022 оқу жылының қамқоршылық кеңесінің атқарған жұмыстары туралы

МӘЛІМЕТ

Іле ауданының Білім бөлімінің 2021 жылдың 2 шілдесіндегі №481 бн/қ бұйрығы бойынша «Мектепке жол» республикалық акциясын өткізу туралы мектепшілік №147 бұйрық шығарылып, сол бұйрық бойынша мектебімізде 2021-2022 оқу жылында жыл бойы «Мектепке жол» акциясы ұйымдастырылды. Акцияға сәйкес жоспарлар құрылып, ұйымдастырушылар құрамы бекітіліп, жергілікті ауыл әкімшілігімен, кәсіпкерлер ата – аналар қауымдастығы, қамқоршылық кеңес мүшелері мектепте оқитын көп балалы, аз қамтылған, толық емес отбасынан шыққан балалардың үй – тұрмыс жағдайын тексеріп, көмекті аса қажет ететін оқушыларды белгілеп алды.
Төмендегі балалар аз қамтылған, көп балалы отбасынан шыққан тұрмыс жағдайлары төмен 13 оқушыға көмек көрсетілді.
Балаларға ауылымыздың жеке кәсіпкерлері О.Аужанов,Д.Жобалай ,Ауылымыздың бас имамы Ерхан мырза , секілді жүрегі мейірімге толы ел азаматтары, ауылдың ақсақалдар кеңесінің төрағасы Ә.Әлдибекұлы және қамқоршылық кеңестің төрайымы Ермекқызы Арайлым ханымның қолдауымен мектеп оқушыларына қажетті құрал – жабдықпен, мектеп формасымен және спорттық аяқ киімдермен қамтамассыз етті. «Мектепке жол» акциясына мектеп мұғалімдері де белсене ат салысты. , Шукурлаева Илья, Диникулова Замира, Авезова Инкар да өз көмектерін аямай, қолдарынан келетін барлық мүмкіндіктерді пайдалана отырып оқушыларды оқуға қажетті құралдармен қамтамассыз етті. «Мектепке жол» акциясы аясында барлығы 13 оқушыға 185000(жүз сексен бес мың) тенге көлемінде көмек көрсетілді.
Жоспар бойынша қыркүйек айында сынып жетекшілерден оқушылардың әлеуметтік тұрмыс – жағдайын зерттеу жөніндегі мәліметтер жинақталды. Сынып бойынша сыныптың әлеуметтік картасы жинақталып, мектеп бойынша жалпы мектептің әлеуметтік паспорты құрылды. Мектеп бойынша 1 жетім, 117 көпбалалы, өгей әкесімен тұратын 3 бала, өгей анасымен тұратын 3 бала, толық емес отбасынан шыққан 23бала, әлеуметтік жағынан аз қамтылған жағдайы төмен 12 бала анықталып тізімі құрылып, мектеп директорымен бекітіліп, округ әкімімен келісілген. Аталған тізімдегі оқушылар мектеп кітапханасынан толық кітаппен қамтамасыз етілді. Қамқоршылық кеңес мүшелерінің демеушілігімен 11 сынып оқушысы Карханова Наргизаға,7 сынып оқушысы Бақдаулет Қайратқа,4 сынып оқушысы Мысекеев Ардаққа ,Мергенбай Аялаға спорттық киімдер ,туфли,мектеп формасы,оқу құралдарымен қамтамасыз етілді.

 Мектеп директоры А. Балғабаева


Орындаған: әлеуметтік педагог Б. Құдайберген












Похожие публикации:

22 сентябрь 2021 Мақала
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив