2021-2022 оқу жылының жылдық жоспары » №37ОРТА МЕКТЕП
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№37 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 2021-2022 оқу жылының жылдық жоспары
29
март
2022

2021-2022 оқу жылының жылдық жоспары

2021-2022 ОҚУ ЖЫЛЫНДА МЕКТЕП ҰЖЫМЫНЫҢ АЛДЫНА ҚОЙҒАН МІНДЕТТЕРІ:

1. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын, ҚР «Білім туралы» Занын, ҚР Білім және ғылым министрлігінің білім саласындағы қаулыларын, Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ ХАТТЫ басшылыққа алу,жүзеге асыру.
2. Оқушыларды жалпыға бірдей міндетті оқуға тарту, сапалы білім алуына, жан-жақты дамуына мүмкіндік туғызу;
3. Пәндер бойынша оқушылардың білім сапасын арттыру
4. Білім саласындағы жаңашыл жетістіктерді, компьютерлік және ақпараттық технологияны қеңінен пайдалана отырып, жан-жақты дамыған жеке тұлға тәрбилеу.
5. Дарынды оқушылармен жұмысты жандандыру, оқушыларды байқауларға, олимпиадалар мен конференцияларга дайындау, шығармашылық және дарындылық қабілеттерін арттыру, облыстық және республикалық көлемде жетістіктерге жету.
6. Альжанова С.У- қазақ тілі пән мұғалімі, Нұрғалиева С.С - тарих пән мұғалімі, Аманова А.Ж - ағылшын тілі пән мұғалімі, Диникулова З.У - математика пәнінің мұғалімі, Джамалбеков Д- география пәнінің мұғалімдерінің іс – тәжірибелерін тарату.
7. Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында экономиканың тұрақты өсуі үшін сапалы білім беруге қол жеткізуді қамтамасыз ету жолында білім берудің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, адам капиталын дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдерінің біліктілігін арттырудың деңгейлік бағдарламасы бойынша оқуға белсенді тарту.
8. ҰБТ-ге дайындықты күшейту, қосымша дайындық сабақтарын ұйымдастыру, мамандық тандауына басшылық жасау.
9. Мектеп бойынша білім алушыларға қатысты балалардың қауіпсіздігі мен зорлық-зомбылықтың алдын алуды қамтамасыз ету жөніндегі жұмыста мұғалімдері мен мамандары күш көрсетпеу, кемсітпеушілік, гендерлік теңдік, толеранттылық және өзара сыйластық құндылықтарын басшылыққа алу. Мектептегі зорлық-зомбылық құрбаны және жазықты болу қаупі жоғары жай-күйі осал балалардың (жағдайы төмен, толық емес, кедей отбасылардың балалары, девиантты мінез-құлықты, шалғайдағы ауыл балалары, дамуында мүмкіндігі шектеулі балалар (оның ішінде мүгедек балалар), тілдік және этникалық топтардың балалары, мигранттар/оралмандар отбасының балалары, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар), сондай-ақ мектептердегі қыздарға қатысты жыныстық және гендерлік зорлық-зомбылық проблемасына зор көңіл бөлу .
10. «Mәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын жүзеге асыру. Бұл идеяны жүзеге асыру үшін мектепте мақсатты түрде тәрбие жұмыстарын жүргізу, оқыту процесінің тәрбиелік мәнін күшейту. Оқытылатын пәндер оқушылардың рухани-адамгершілік қасиеттері мен патриоттық сезімдерін және азаматтық жауапкершілігін қалыптастыруға, ұлттық сана-сезім мен толеранттылықты дамытуға, зайырлы құндылықтарды нығайтуға және жастардың терроризм мен экстремизм идеологияларын саналы түрде қабылдамауын қалыптастыруға, Қазақстанның көпэтникалық жағдайында қарым-қатынас жасай білуі
11. 2021-2022 ж білім беру бағдарламасының орындалуына бағытталған жұмыс жоспарын жасап,жүзеге асыру.













































































І.2020-2021оқу жылында атқарылған оқу-тәрбие жұмыстарына талдау

Жалпыға бірдей міндетті оқу заңы талабын орындау мақсатында 2020 жылдың тамыз есебі жүргізіліп, жас бойынша балалар тізімі алынды. Оқу жылы көлемінде оқушылар қозғалысы қадағаланып, келген - кеткен оқушылар есепке тіркелді. Оқушылардың жеке-іс қағаздары жүргізіліп, мақтау қағаздары, табельдері тіркелді. Бірінші сыныпқа оқушылар жасына сәйкес қабылданды. Сыныптар толықтылығы – 20
Оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру шараларының сараптамасы
Мектепте келесі құжаттар жыл бойы талапқа сай толтырылып, мектеп әкімшілігінің бақылауынан жүйелі түрде өткізіліп тұрды: Соңғы үш жылдағы бұйрық кітабы, сабақ кестелері, қызметшілерге арналған нұсқаулықтар, педагогикалық кеңестің, әдістемелік бірлестіктердің жұмыс жоспары мен хаттамалары, алфавиттік кітап, сыныптардағы оқушылар контингенті туралы мәлімет, жалпыға бірдей міндетті оқумен қамту туралы мәлімет, оқушыларды қабылдауға, ауыстыруға байланысты құжаттар, оқушылардың жеке құжаттары, оқушылар қозғалысының соңғы үш жылдығы туралы мәліметтері (ОШ-1, РИК-76, РИК-83) қатаң есептік оқушыларды тіркеу және шығару туралы мәліметтер.
Жалпы 2020-2021 оқу жылында 20 сынып комплектісі жинақталды. Жыл басында барлық оқушы саны -360/158. Барлығы қазақ сыныптары. Бастауыш буындағы сыныптар саны –8, оқушы саны – 155
Орта буындағы сыныптар саны – 8, оқушы саны –142
Жоғарғы буындағы сыныптар саны –3,оқушы саны – 43
Мектепалды даярлық тобы-1 оқушы саны- 21 бала
Мектеп – екі ауысымда жұмыс істеді.
Мектеп оқушылары жыл басынан қашықтықтан оқу режиміне көшірілді. Қыркүйек айының 14-нен бастап бастауы сынып оқушылары кезекші сыныпқа ата аналар өтініші бойынша келіп оқыды.
1 сыныптар бойынша 30 оқушы
2 сыныптар бойынша 38 оқушы
3 сыныптар бойынша 29 оқушы
4 сыныптар бойынша 45 оқушы кезекші сыныптарда сабақтарын жалғастырды. Жалпы бастауыш бойынша
142 оқушы кезекші сыныпта оқыды. Қараша айынан бастап 5 сыныптар кезекші сыныпта, 9,11 сыныптар штаттық режимде мектепке оқуға шықты . Кезекші және штаттық режим оқушылары екі ауысымда оқытылып, санитарлық эпидемиологиялық ақуалда сақтық шаралары сақталып, ара қашықтықтар сақталып, оқу үрдісі жүргізілді. Қалған 6, 7, 8, 10 сыныптар қашықтықтан оқу режимінде оқуды жалғастырды.
Жыл қорытындысы бойынша мектептің білім сапасы – 66,4%.Үздік оқушылардың саны - 72, екпінділердің саны -126.
Оның ішінде: 1-4 сыныптарда 155 оқушы ,үздіктер- 37, екпінділер- 53.
5-9 сыныптарда 142 оқушы, үздіктер-31, екпінділер-59
10-11сыныптарды 43 оқушы, үздіктер-4, екпінділер-14.



Мектептің 2020-2021 оқу жылына арналған оқу-тәрбие жоспарында көрсетілген жұмыстар орындалды. Тоқсан сайын білім сапасының мониторингі жасалып, талдау - сараптау жүргізу, нәтижесін педагогикалық кеңестерде талқылау іске асырылды
2020-2021 оқу жылының қорытындысы бойынша 11-сыныпта барлығы 18 оқушы. ҰБТ-ге қатысатыны 17 оқушы ҰБТ тапсырады. 18 оқушы мектепте қорытынды аттестаттауға жиберіліп, 31.05.2020-10.06.2021ж аралығында емтихан тапсырды.
2020-2021оқу жылында -1, Ержанқызы Гүлназ -2 «Ә» сынып ЗПР жеңіл деңгей.
Ұсыныс: Мүмкіндігі шектеулі оқушыларды оқыту бойынша мұғалімдер ҚМЖ-ларын оқушылардың қабілеттілігіне қарай жасау.
2020-2021 оқу жылының жылдық қорытындысы бойынша білім сапасы төменгі сыныптар: 2 «А»– 65% (Дуисева М.Г), 2 «Ә»-64% (Есентаева М.Т), 4 «Ә» -68% (Ниетуллаева С.О), 10 сын-43% (Түсіпжан М).
Осы білім сапасы төмен боп аталған сыныптар 2021-2022 оқу жылының жылдық жоспарында мектепішілік бақылауға қойылды.
2020-2021 оқу жылының білім сапасы – 66,4%
Ұсыныс: Бірнеше рет төмен көрсеткіш көрсеткен сыныптың сынып жетекшілері мен пән мұғалімдеріне шара қолдану, ай сайын мектепішілік бақылауға қою.
Оқушылардың психологиялық тұрғыдан дайын болуын қамтамасыз ету мақсатында мектепішілік 8, аудандық 3 байқау тест сынақтары алынып, қорытындысы директор жанындағы мәжілістерде қаралды.
Бітіруші саны -18. ҰБТ-ге қатысқан оқушы- 17. Алтын белгі –2, Үздік аттестат иегерлері-2.
Соңғы екі оқу жылындағы ҰБТ көрсеткіштері
№ Оқу жылы Бітіруші саны Өтініш білдіргені Қатысқаны 5 балдан төмен 50 балдан төмен Шектік деңгейден жоғары 5 пән бойынша орта балл
саны % саны % саны % барлығы оның ішінде оның ішінде оның ішінде ең жоғары балл
саны % 60-65 балл % 66-119 балл % 120-139 баллов %
1 2019-20 10 9 9 48 1 0,1 1 0,1 0 0 0 2 0,2 0 102 40
2 2020-21 18 17 17 60 0 0 0 0 0 0 0 0 5 0,29 2 0,11 126 73
Ұсыныс:
• ҰБТ-ға дайындық жұмыстарын күшейту. Оқушылардың білім сапасын арттыру барысында тиімді тәсілдер қолдану.
Кадрлар деңгейін талдау
Мектеп педагогикалық кадрлармен толық қамтылған, барлығының педагогикалық білімі бар. Мектептегі мұғалімдердің саны: 38
Педагогикалық кадрлардың сапалық құрамы
Санаты бойынша
Санаты 2019 -2020 2020 - 2021
Барлық мұғалім саны 38 38
Жоғары санат 1(0,2%) 1
Бірінші 1(0,2%) 2
Екінші 9(0,23%) 9
Санаты жоқ 27(0,71%) 27
Педагог-зерттеуші 5 (0,13) 5
педагог-сарапшы 6 (0,15) 6
Модератор 7 (0,18) 11
Педагогикалық кадрлардың білімдері бойынша
Санаты 2019 – 2020 2020 - 2021
Барлық мұғалім саны 38 38
Жоғары 37(97%) 37
Орта арнаулы 1(0,02%) 1
Мектепте 1 (бір) - психолог
1 (бір) - әлеуметтік педагог
1 (бір) - кітапханашы
1 (бір) - АӘД пән ұйымдастырушы
1 (бір) - логопед
Қорытындысы: мұғалімдердің 97 % жоғары білімді, жоғары санатты 0,2% және бірінші санатты мұғалімдер 0,2%. 2021 жылы 5(бес) мұғалім зерттеуші санатты, 6 (алты) мұғалім сарапшы санатты, 11(он бір) мұғалім модератор санатын бекітті. Мектеп мұғалімдерінің сапалық және сандық құрамы оқу- тәрбие үрдісінің талапқа сай атқарылуына мүмкіндік береді.
Ұсыныс: арнаулы орта білімді мұғалімдерге білімін жоғарылату.
Аттестаттаудан өткен мұғалімдер туралы сандық мәлімет
№ Санат 2019 -2020 2020 - 2021
1 Шебер 0 0
2 педагог-зерттеуші 5 5
3 педагог-сарапшы 6 6
4 Модератор 7 11






Оқу-тәрбие үрдісінде оқушылардың білім сапасын арттырудағы әдістемелік қызмет жүйесі.
1. Оқу жылының басында мектептің әдістемелік кеңесі құрылып, жоспары бекітілді.
2. Мектептің әдістемелік қызметінің негізі – бұл пәнаралық әдістемелік бірлестік. Біздің мектепте 6 (алты)әдістемелік бірлестік жұмыс істейді: қазақ тілі және әдебиеті, орыс тілі және әдебиеті, ағылшын тілі, бастауыш сыныптары,жаратылыстану пәндері, дене шынықтыру, технология, музыка, өзін-өзі тану бірлестігі. Жоспар бойынша әр бірлестіктердің пән апталықтары, онкүндіктері мерзімінде өтілді. Қазақ тілі, дене шынықтыру, ағылшын тілі, бастауыш сыныптары, МИФ бірлестіктері мектепішілік семинарлар өткізді.
1.Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігі. Өткен оқу жылы жетекшілік еткен Альжанова С.У. Жалпы 4 мұғалім, оның ішінде педагог-зерттеуші-1, педагог-сарапшы-0, модератор-2.
Өткен оқу жылының білім сапасы: қазақ тілі -67%.
2.Орыс тілі мен әдебиеті пәні,ағылшын әдістемелік бірлестігі.
Өткен оқу жылы жетекшілік еткен Авезова И.М. Жалпы 6 мұғалім, оның ішінде жоғары санатты - 1 мұғалім.
Кәсіби байқауға катысқан мұғалім жоқ. Мектепішілік, аудандық, облыстық семинар өткізілмеді. Өткен оқу жылының білім сапасы: орыс тілі -72% ,ағылшын 68%. ҰБТ қортындысы- 33%.
3.Тарих пәні бойынша: Жалпы 2 мұғалім, оның ішінде екінші санатты 1 мұғалім,1 педагог-модератор.
Кәсіби байқауға қатысқан мұғалім жоқ. Өткен оқу жылының білім сапасы: қазақ тарихы-67%, дүние жүзі тарихы -68%, география -68%. ҰБТ қортындысы: Қазақстан тарихы пәнінен білім сапасы 12%, дүние жүзі тарихы -33,6%,
4.Математика, физика,химия, биология,география және информатика пәндері әдістемелік бірлестігі.
Өткен оқу жылы жетекшілік еткен Диникулова Замира Утеубаевна Жалпы 8 мұғалім, оның ішінде
педагог-сарапшы -1, модератор-1 санаты жоқ 7 мұғалім.
Пән а пталығы өткізілді. Өткен оқу жылының білім сапасы: математика пәнінен-66%, физика – 54%, информатика -76%. ҰБТ қорытындысы: математика пәні бойынша білім сапасы 12,3%(17% төмен), физика пәнінен – 9,6%, химия -58 % , биология-65%, биология пәнінен -65 % Аудандық,облыстық семинарлар өткізілген жоқ.
5.Эстететикалық пәндер әдістемелік бірлестігі. Өткен оқу жылы жетекшілік еткен Бекназарова Гүлшат Исенбайқызы .
Жалпы мұғалім -5, 1 мұғалім 1 санатты, 2 мұғалім- педагог –сарапшы, 1 мұғалім педагог –сарапшы, 1 мұғалім санаты жоқ .
Музыка пәні мұғалімі А.Азилханова Республикалық байқауға оқушы қатыстырып, І орынды иеленді.
Дене шынықтыру пәнінің бірлестігі бойынша- 3
Кәсіби байқауға қатысқан мұғалім жоқ.Аудандық семинар өткізілмеді. Пән апталығы өткізілмеді.
6.Бастауыш сыныптары бойынша әдістемелік бірлестігі .
Өткен оқу жылы жетекшілік еткен Ниетуллаева Салиха Орынбасарқызы.
Жалпы 9 мұғалім, оның ішінде 1 мұғалім бірінші санатты -1, екінші санатты - 1 мұғалім, 1 мұғалім санаты жоқ,зерттеуші-3, сарапшы-1,модератор -2. Мектепішілік пән апталығы өткізілді. «Білім сапасын арттыруда оқыту технологияларын ұтымды пайдалану
арқылы білім алушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру » тақырыбында аудандық семинар өтті.2 мұғалімнің ашық сабақтары мерзімді баспасөз беттерінде жарық көрінді.
Ұсыныс:
 Оқушылардың білім-білік деңгейін бақылау, тексеру мақсатында өткізілген РІSSA, ТІМSS,ВОУД сырттай халықаралық бақылауларға дайындық жұмыстарыкүшейтілсін.
 Кадрлардың кәсіби деңгейін көтеру және озық тәжірибені кеңінен тарату жұмыстары ұйымдастырылсын.
 ӘБ жетекшілері жылдық жоспарларына жылына бір рет мектепішілік практикалық және теориялық семинар жоспарлансын.
 Дарынды оқушылармен жұмыстар жандандырылсын.
2020-2021 оқу жылы бойынша дарынды оқушылармен жүргізілген жұмыс есебі.
Дарынды оқушылармен жүргізілетін жұмысқа жауапты директор орынбасары Дуисева Маншук Ғабитқызы.
Халықаралық зияткерлік ойындар.
2020-2021 оқу жылының дарынды оқушылармен жұмыс жоспарына сәйкес халықаралық интеллектуалдық ойындар мен байқауларға қатысу өз жалғасын тапты. Соның ішінде Ақбота, Пони, Русский медвеженок, Кенгуру-математика для всех, Британский бульдог сияқты зияткерлік ойындарға бастауыш сыныптар мен орта буын сыныптары белсене қатысты.

2020-2021 оқу жылындағы жылдық тәрбие жұмысының талдауы.




Ұсыныс:
1.Үйірме сағаттарының кесте бойынша өтілуі дұрыс жолға қойылсын.
2.Сабақ жоспарлары мен көрнекіліктері ретке келтірілсін.
3.Би үйірмесін ұйымдастыру
Тәрбие жұмысының сараптамасы
Биылғы оқу жылында тәрбие жұмысының алға қойған мақсаты:
“Елжанды, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру ”Мектеп тәрбие жұмысының өзекті мәселесін басшылыққа ала отырып әрбір сынып жетекшісі сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне қарай тәрбие жұмыстарын жоспарлады.

Мектеп психологының 2020 – 2021 оқу жылы бойынша жүргізілген жұмыстарына талдау

№37 толық емес орта мектебінде бір психолог маманы жұмыс жасайды,Рысбекова Сүмбілшаш.
Мектеп психологтың мақсаты:
Балалардың тұлғалық қалыптасуына және индивидуалды ерекшелік қабілеттерінің дамуына жағдай жасау.Тұлғаның жеке және жас ерекшеліктерін,сондай-ақ тұлға аралық өзара әрекет ерекшеліктерін зерттеу.
Оқушының психикалық және тұлғалық дамуындағы ауытқуларды болдырмау,жалпы оқу дағдысы мен біліктілікті дамыту.
Міндеттері төмендегідей:
*Мектеп бойынша психологиялық қызмет 5-7 сыныптар және 1,2 сыныптар аралығында жұмыс жүргізу
*Оқушы-мүғалім,ата-ана мен қарым-қатынас;
*Оқушылардың психологиялық және әлеуметтік амандығын сақтауға бағытталған кәсіби қызметті жүзеге асыру;
*Психологиялық диагностика жүргізу;
*Психологиялық көмек;
*Оқушылардың сабағына қатысу арқылы зерттеу;
*Қиын оқушылармен жұмыс;
*Педагогикалық-психологиялық консилиум,семинар,тренингтар өткізу.
*Сабаққа ынтасы төмен оқушылармен жұмыс
*Оқушылардың мінез-құлқын,жеке ерекшеліктерін,қабілетінің дамуына жағдай жасау мақсатымен сынып жетекшілерге,жекеленген мұғалімдерге кеңес беру;



Мектепшілік 2021-2021 оқу жылында онлайн режимде психологиялық қызметтің жылдық жоспар құрылып бекітілді.Жоспар бойынша 1 және 5сынып оқушылары бейімделу кезеңінен өтіліп,мектепке дайындықтары туралы диагностикалық жұмыстар жүргізіліп,анықтама берілді.Мектеп саласындағы ең негізгі мәселе суицид себептерінің және аутодиструктивті мінез құлықтың алдын алуда жүйелі түрде жоспар жасалып бекітілді. 2020-2021 оқу жылында «Ресурс» бағдарламасы бойынша 7-11 сынып оқушылары арасында ата-аналардың рұқсатымен, психологиялық аудандық тест сараптамасы жүргізілді. Тестке мектебімізден 69 оқушы қатысты.Тест қорытындысы бойынша қызыл жолақта оқушы анықталған жоқ.Сары жолақта 28 оқушы анықталып,психотерапиялық жаңа методикасы бойынша, оқушылардың барлық невротикалық ахауларымен күресу мақсатында жұмыстар жүргізілді.Баланы тез арада қалыпқа келтіруде, жасөспірімдердің сонау кіші жас бала кезіндегі яғни мектепке дейінгі шақтарда алған психологиялық,моральдық жарағаттарымен түзету -дамыту жұмыстары күшейтіліп,олардың болашаққа деген жақсы көзқарастары яғни сана сезімдері қалыптастырылды.Мектеп психологі 4 айлық 240 сағаттық қайта даяарлау психотерапиялық курсынан өтіліп,«Генезис» тәсілдегі технологиясы қолданысқа ие болды.
«Ресурс» бағдарламасы арқылы ,ата –аналардың сұранысы бойынша бастауыш сынып оқушылармен , жеке «Genesis verae» психотерапиясы аясында жоспарлы түрде жұмыс жүргізіліп,оқушыларға сонау кіші балалық шақ кездерінен қалыптасқан жағымсыз,негативті сезімдері, лезде яғни тез арада жойылып,балаларға жағымды көңіл -күй орнатылды.
Сонымен қатар,2021 жылдың ақпан айында қайталама түрде «Сигнал» тесті өткізілді. Тестке мектебімізден қайта 49 оқушы қатысып, нәтижесінде 1бала қызыл жолақта, 13 бала сары жолақта қайта анықталды. Сары жолақта анықталған 13 –оқушымен әдеттегідей «Genesis verae» психотерапияcы жүргізіліп, жұмыс барысында балалардың бойында орын алған келеңсіз эмоциялары:қорқыныш,сенімсіздік,үрей,ұялшақтық,мазасыздану,өзін ұнатпау т.б.с.с оқушылардың бойында суицидтік синдромдары жойылды.Терапия барысында оқушылар өздерін еркін сезініп,бар ойларымен ашық түрде бөлісуге тырысты.Қойылған сұрақтарға орынды жауаптар алынды.Жүргізілген жұмыстардан кейін,балаға белгілі бір шектеулі уақыт беріліп,қайта консультациялар жасалды.Жұмыс нәтижесінде оқушылардан байқалғаны,олардың өмірге деген жеке көзқарастары күрт өзгеріп,өздерін жаңа мүмкіндіктерге абден лайықты екенін мойындап яғни өздеріне деген үлкен сенімділік,жауапкершілік қалыптасқаны туралы айтып жеткізді.Оқушылар жандүниесіндегі орын алған рухани-адамгершілік аясындағы, барлық жағымды сезімдерін, және тыныс алу ағзасында жағымды бос кеңістіктер орнағанын ерекше атап өтті.Сонымен қатар жәйсіз ойлардан арылып,тек таза, жақсы қасиеттерге бөленгендерін де жасырған жоқ.Сондай –ақ басында айтып кеткендей,ата ана тарапынан келіп түскен ұсыныс бойынша,4 сынып оқушысы Тоқан Әлібекпен жеке жұмыс жүргізіліп,баланың мінез –құлықындағы өзгерістер яғни қорқыныш,үрей,мазасыздану тенденциялары мектепке дейінгі жастағы орын алған психологиялық жарақаттар болып анықталды.Баламен психотерапиялық түзету жүргізіліп,жақсы әдеттер қалыптастырылды.
Сол сияқты жасөспірімдер арасында суицидтік әрекеттерге итермелейтін сайттарға қадағалау жүргізіліп, ай сайын есебі аудан тарапына тапсырылып отырды.5-11сынып арасында Whatsaap арқылы сауалнама сұрақтары жүргізіліп,оқушылардың жауаптары бойынша ешбір келеңсіз жағдайлар орын алмағаны анықталд.
Бала өзіндік бағалауда жасөспірімдік шақта тіпті, өзіне сындарлы қөзқараспен қарауы,өз мүмкіндігін өмір талабына сәйкес бағдарлай білуі,өз мақсатын нақтылауы,ойын түйіндеу қабілеттілігіне ие болады.Өзіндік бағалау баланың өзіне деген сенімін арттырып,рухани үйлесімділігін дамытады.Осы шақта практикалық және танымдық іс әрекеттің субьектісі,тұлға ретінде ұғынуы және бағалауы өзіндік сана –сезімінің қалыптасуы.
Мектепшілік ата аналармен қашықтықтан оқыту бағдарламасы бойынша уй жағдайында да оқушылардың қалай жұмыс жасау режимдері туралы аудиокеңестер,аудиожазбалар,сілтемелер дайындалып,жіберіліп отырды.
Мектебімізде аудандық жоспар бойынша онлайн режимде «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» Республикалық акциясы аясында жоспарлы түрде үлкен іс шара өткізілді.1-11 сынып арасында «Бақытты балалық шақ» тақырыбында мектепшілік видеолар түсіріліп,үздік видеотүсірімдері жарияланып,оқушылардың назары жақсы сана –сезімдерге бөленді.Шараның мақсаты балалардың бақытты болуға әбден лайықты екенін насихаттау болды.Сонымен қатар аутодиструктивті мінез-құлықтың алдын алуда түрлі тақырыптарда онлайн сауалнамалар,слайдтар,сілтемелер ватсап желісі арқылы жолданды.Ата –аналармен,балалардың психологиялық жәй-күйін түсінуге,сабырлылық,төзімділік танытуға және де оқушылардың сабаққа уақытылы қатысуға,сабақты жөнсіз жібермеуге түрлі тақырыптарда аудиокеңес,видеожазбалар дайындалып жіберілді.
Аудандық жоспарға байланысты мектебімізде салауатты өмір салтын ұстану мақсатында «Республикалық денсаулық айлығы» өтілді.Іс шараға жоспар жасалынып бекітілді.Жоспарда мектеп медбикесі,кітапханашысы, дене шынықтыру пән мұғалімдері т.б жұмыстары қамтылды. Жоспар бойынша мектеп медбикесі оқушыларға зиянды іс ірекеттерден аулық болу туралы күнделікті дәріс,кеңестерін уақытында өткізді.Денсаулық сақтауда тазалық,гигиенасын қалай сақтау ерекшеліктерімен таныстырып,күнделікті қолдануын талап етті.Мектебіміздің кітапханашысы А.Абибулаева айлық аясында өзіне жүктелген тапсырманы орындап,«Денсаулық зор байлық»тақырыбында кітап көрмесін ұйымдастырды.Көрменің мақсаты оқушыларға денсаулықты қалай сақтау құпиялары туралы білімдерінің тереңдету.1-11 сынып аралығында сынып жетекшілерге «Денім сау болсын десең...!» тақырыбында,салауатты өмір салтын ұстану мақсатында, 3-5 минуттық видеоролик түсіру тапсырылды.Мектеп бойынша осы тақырыпта жоғары деңгейде оқушылар арасында түсірілімдер орын алып,оқушыларды жақсы сана сезімдерге бөледі.Осы айлық аясында мектеп сынып жетекшілерінің өздеріне жүктелген тапсырманы жауапкершілікпен атқара білгендері көрінді







Әлеуметтік педагогтің өткен оқу жылына талдауы:

S Күшті жақтары
W Әлсіз жақтары
1. Әлеуметтік педагогтың айлық және жылдық жоспарлары қаралып бекітілді.
2. Тамыз, қыркұйек айларында «Мектепке жол» акциясы барысында көмекке мұқтаж оқушыларға (мектепке қажетті құрал -жабдық, мектеп формасы, спорттық формамен) көмек көрсетілді. Оқушыларды мектепке дайындық жұмыстары жүргізілді.
3. Мектеп бойынша сыныптардың әлеуметтік паспорты жасалынып, оқушылардың әлеуметтік статустары анықталды.
4. Қашықтықтан оқуға байланысты мектеп жастары және мектеп ұжымымының көмегімен азық-түлікке мұқтаж отбасыларына көмек көрсетілді.
5. Аудандық білім бөлімінің Қорғаншы және қамқоршы органы тарапынан жетім және ата ана қамқорлығынан қалған балаларға жаңа жылдық сыйлықтар берді. Аз қамтылған және көпбалалы отбасынан шыққан оқушыларды «Аудан әкімінің шыршасынан» сыйлықтар беріліп, оқушыларға таратылды. Сонымен қатар жеке кәсіпкер тарапынан 5 оқушыға қалташадағы сыйлықтар таратылды.
6. Қыркүйек айында «Бөбек» сауықтыру орталығына мектебімізден көпбалалы отбасынан шыққан 1 оқушы барып келді.
7. Апат орын алған (үйі өртенген) отбасына 45 000 (қырық бес мың) теңге көлемінде ақшалай және киім-кешек, азық-түлік, оқуға керекті құралдар беріліп көмек көрсетілді. 1. Сынып жетекшілердің берілген тапсырмаларға жауапкершілік танытпауы;
2. Аз қамтылған,көп балалы отбасылардың көбеюі;
3. Жартылай жетім, жетім қалған
оқушылардың жан дүниесінің әлсіздігі;
4. Әлеуметтік көмек алу кезінде
ұялу сезімі;
5. Өзін қоршаған ортадан алшақ
ұстауы;
6. Әлеуметтік көмек беру
барысында мектептегі барлық аз қамтылған оқушылардың қамтылмауы;
7. Кейбір аз қамтылған отбасы
оқушыларының назардан тыс қалуы;


O Мүмкіндіктері T Қауіптілік

Мемлекеттен қаражат бөлініп жатса бұдан да көп аз қамтылған және көпбалалы оқушыларға көмек көрсете аламыз.
1. Оқу барысында белсенді болу;
2. Мектеп психологымен үнемі
байланыста болу;
3. Отбасы мүшелерімен жақсы
атмосфера құра алу; 1. Әлеуметтік ортадан шетте қалу;
2. Аз қамтылған отбасы
Оқушыларының көбеюі;
3. Жалғыз басты ана, толық емес
отбасы оқушыларының көбеюі;
4. Әлеуметтік көмектің
Жеткіліксіздігі.

2020-2021 оқу жылына арналған логопедиялық көмек көрсету туралы есеп
Оқушылар Ауызша және жазбаша сөйлеу бұзылыстарына ие оқушылардың саны
ЖСБ
негізделген оқу мен жазба бұзылыстары және ЖСД ФФБ
негізделген сөйлеу және жазба бұзылыстары және ФФБ
Айтылудың бұзылуы Тұтығу
Анықталды 2 6 4 3
Түскендер 2 6 4 3
Жіберілгендер 2 5 3 2
Сабақты жалғастыру үшін қалдырылғандар 2 3 2 1
Шығып кеткендер 0 2 1 2









2020-2021 оқу жылында он бес бала қабылданып, 2021-2022 оқу жылына сегіз бала сабақты жалғастыруға қалды. Жеті бала дислалия, тұтықпа тұжырымдамасы бойынша түзету жұмыстары жүргізіліп, 12 -мамыр 2021 ж өткен педагогикалық психологиялық мединициналық консилиум шешімі бойынша тізімнен шығырылды.Мектеп логопеді А. Мұқашева.
Ұсыныс:Сынып жетекшілер тарапынан 5- сыныпқа бейімделуі төмен оқушылармен қосымша жұмыстар жүргізіп,ата-аналарымен тығыз қарым-қатынаста болу.Пән мұғалімдері тарапынан оқушыларға қиын,түсіне алмайтын пәндері бойынша көмек көрсету,түсіндіруге тырысу.Психологтарға сыныптағы қарым-қатынасы шеттетілген оқушылармен жеке түзету-коррекциялық жұмыстар жүргізу.
«Сенім поштасы» бойынша күнделікті журнал толтырылып, ауданға ай сайын мәлімет тапсырылып отыр.
Ұсыныс: «Сенім поштасы» бойынша сынып жиналысында оқушыларға,ата-аналар жиналысында ата-аналарға ақпарат беріп,күнделікті «Сенім поштасына» түскен ұсыныс, пікірді қадағалау.Түскен хаттар бойынша әкімшілікпен бірлесе отырып, жұмыс жүргізу. «Сенім поштасы» жұмысын күшейту.
Есепте тұрған оқушыларға жоспар бойынша диагностикалық, профилактикалық және түзету-коррекциялық жұмыстар жүргізілді.
Дарынды оқушылармен, толық емес отбасы және аз қамтылған балалармен диагностикалық анықтау жұмыстары жүргізіліп,сұраныс бойынша оқушыларға ақыл-кеңес берілді.
Ұсыныс: Дарынды оқушылармен,толық емес отбасындағы оқушылармен жеке-жеке жаттығу,ойын,тренинг жұмыстарын жүргізуді күшейту Оқушылардың психологиялық денсаулық айлығына жоспар құрылып бекітілді. Мектеп психологтары жоспар бойынша жұмыстар атқарды.
Ұсыныс:ДТІЖО және мектеп психологтары,сынып жетекшілермен бірігіп пікірталас,дөңгелек үстел іс-шараларын ұйымдастыру.
4-сынып оқушыларының арасында психологиялық диагностика. Ерік-жігердің жетілуі эмоционалдық жетілу зерттеу жұмыстары жүргізілді.
Ұсыныс: 4-сынып оқушылары арасында ойын,жаттығу жұмыстарын күшейту.
Педагогикалық ұжыммен тренинг,жаттығу сынып жетекшілер отырысында жүргізілді.Келесі оқу жылына жалпы мұғалімдермен жүргізу жоспарланып отыр.
Ұсыныс: Педагогикалық ұжыммен тренинг,жаттығу жүргізуді сынып жетекшілер отырысында ғана емес,жалпы мұғалімдермен жүргізуді жоспарлау. Жас мамандарға қолдау көрсетіп, ақыл-кеңес беру.
Жоғарғы сынып оқушыларын ҰБТ-ға дайындау, өзіне деген сенімділігін арттыру мақсатында жаттығу, тренингтер жүргізілді.
Ұсыныс: 11 сынып оқушыларына мамандық таңдауға байланысты әдістемелер жүргізіп, күйзеліс, мазасыздануға байланысты жаттығу, тренингөткізіп, үнемі ақыл-кеңес беріп, қолдау көрсету.
Жалпы ата-аналар жиналысында тәрбие ісінің орынбасарлары, мектеп психологтары бірлесе отырып, ғаламтор желілеріне байланысты «Красная сова», тақырыбында орыс-қазақ тілінде баяндама оқылып, слайдтар көрсетіліп, ата-аналарға ақыл-кеңес берілді.
Ұсыныс: Оқушылар арасында ДТІЖО, сынып жетекшілермен бірлесе отырып, ғаламтор желілеріндегі ақпараттарға байланысты профилактикалық жұмыстарды күшейту.Жылдық жоспар бойынша жүйелі түрде жұмыстарды атқару.

ІІ. ОҚУ-ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ
1. Мектептің жұмыс тәртібі
 Оқу жылының ұзақтығы:
1-11 сыныптарда 1-қыркүйектен 25 -мамырға дейін.
Емтихан уақыты: Білім және ғылым министрлігінің бекіткен мерзімінде.
Оқу процесі негізгі үш сатыдан тұрады.
І саты -1-4 сыныптар
ІІ саты-5-9 сыныптар
ІІІ саты-10-11 сыныптар
 Оқу жылының ұзақтығы:
 1-11 (12) – сыныптарда: күзгі каникул – 7 күн (2021 жылғы 1-7 қараша аралығында), қысқы каникул – 11 күн (2021жылғы 30 желтоқсан мен 2022 жылғы 9 қаңтар аралығында), көктемгі каникул – 12 күн (2022 жылғы 19-30 наурыз аралығында);
 1-сыныптарда: қосымша каникул – 7 күн (2022 жылғы 7-13 ақпан аралығында).
 2. Осы бұйрықтың мектептің ресми интернет-ресурсында жариялануы
мектепалды дайындық сыныптарында – 32 оқу аптаны,
1-сыныптарда – 33 оқу аптаны,
2-11 сыныптарда – 34 оқу аптаны құрайды.
 Сабақтын ұзақтылығы:
І ауысым:1, 2, 5, 6, 7, 8, 9, 10,11 – сыныптар 8.00- 13.50
Мектепалды даярлық тобы – 9.00 – 11.00
ІІ ауысым: 3, 4 – сыныптар 13.00 – 17.55
Қоңырау кестесі:
Сабақ реті Бірінші ауысым Екінші ауысым
1 сабақ 8.00-08.45 13.00-13.45
2 сабақ 08.50-09.35 13.50-14.35
3 сабақ 09.40-10.25 14.40-15.25
4 сабақ 10.35-11.20 15.30-16.15
5 сабақ 11.25-12.10 16.20-17.05
6 сабақ 12.15-13.00 17.10-17.55
7 сабақ 13.05-13.50

 Кітапхананың жұмыс уақыты:
09.00-17.00
Түскі үзіліс
13.00-14.00
 Мектеп әкімшілігінің кезекшілігі:
Дүйсенбі: И.Шукурлаева
Сейсенбі: А.Мұқашева
Сәрсенбі: Б.Сарсенбаева
Бейсенбі: Ж.Сарсембаев
Жұма: М.Дуисева
 Кезекшілік уақыты: 07.30-18.30
 Әкімшіліктің жұмыс кестесі: 07.30-18.30
 Мектептің мекен-жайы:Алматы облысы, Іле ауданы, Төле би ауылы, А.Қарсақбаев көшесі 16 А үй
 Телефон: (872 Е-mаіl: schcola-37ili@ mаіl.ru
Оқушылардың саны -353, қызы – 180
Сынып комплекті - 21
Мектепалды даярлық топтарда – 11 оқушы, 1 сынып комплекті, 0-11сыныптар - 22сынып комплектісі
Оқу-тәрбие үрдісінің апталық циклограммасы
Дүйсенбі Жалпы мектепішілік лездеме. Әкімшілік жиналыс
Сейсенбі ӘБ жұмысы. Құқықтық білім күні.
Сәрсенбі «Жас мұғалімдер» мектебі
Бейсенбі Ата-аналарға арналған ашық есік күні.
Жұма Педагогикалық кеңестің жұмысы. Директор жанындағы мәжіліс. Профилактикалық кеңес отырысы. Мемлекеттік тіл күні.
Сенбі Спорттық шаралар. Рейдтер ұйымдастыру. Жалпы мектептегі кештер. Тазалық күні.

Кеңестердің өткізілу циклограммасы
Педагогикалық кеңес Әр тоқсан сайын
Кіші педкеңес Қажеттілікке қарай
ДЖМ Әр айдың соңында
ӘК Әр тоқсан сайын

ІV. МЕКТЕПШІЛІК БАҚЫЛАУ
Нәтижеге бағытталған білім сапасын басқару:
 Педагогиқалық үрдісінің дамуын;
 Нәтижеліктің қалыптасуын;
 Даму режиміне әсер етуін анықтау
Міндеттері:
1. Педагогикалық ұжымды бір мақсаттылыққа ұйымдастыру.
2. Ынтымақтастық, мектеп өміріндегі жариялылықты қалыптастыру.
3. Ұжымдық шығармашылықпен жұмыс істеуіне әкімшілік тарапынан колайлы жағдай туғызу.
4. Мектепшілік мәдиниетті қалыптастыру.
5. Оқушылардың даму және білім алу деңгейін,білім, білік дағдыларының сапасы.
6. Оқу процесінің сапасы
7. Пәндердің оқытылуын, оқушылардың білім-білік дағдыларына қажетті «жөндеу» коррекция.Үлгермеушілікті болдырмау туралы.
8. Пәндік бірлестіктерді, орталықтарды құрудағы басшылық жұмысының нәтижесі.
9. Жаңа педагогикалық, озық технологияларды енгізу.
10. Мұғалімдердің өзіндік білімін көтеру, ғылыми-әдістемелік зерттеу жұмыстары
11. Мектептің оқу - материалдық базасын нығайту.
12. Оқу үрдісі мен мектепішілік бақылауды ұйымдастыруды жүзеге асыру нормативтері
№ Бақылау нысанасы Нормасы
1 Сабақтарға және сыныптан тыс іс-шараларға қатысу және сыныптан тыс іс –шараларға қатысу және оларды талдау Аптасына 3-4 сабақ (директордың орынб-лары үшін);
Аптасына 3 сабақ (мектеп директорлары үшін).
2 «Күнделік жүйесі» жұмыстарын бақылау Ай сайын
3 Оқушылардың күнделіктерін тексеру Айына 1 рет, жылына 8-9 рет
4 Пәндер бойынша оқу бағдарламаларының орындалуын тексеру Тоқсанына 1 рет, жылына 4 рет
5 Оқушылардың жеке іс-құжаттарын тексеру Жылына 2 рет
6 Пәндер бойынша тақырыптық және күнтізбелік жоспарларды тексеру Жылына 1-2 рет


Мектеп әкімшілігінің өзара жұмыс бөлінісі
1. Мектеп директорының у.м.а Балғабаева Ақерке Әбдімәжитқызының міндеттері:
 Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына, Еңбек кодексіне, Қазақстан Республикасы Білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына, Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңына т.б. сәйкес мектеп басшылығын жүргізу,
 Мектепте әкімшілік – шаруашылық жұмыстарын, жүйелі білім беру, жалпыға бірдей білім беру жұмыстарын қамтамасыз ету;
 Мектепті дамытудың мақсаттары мен міндеттерін стратегияларын анықтап, оның жұмысын бағдарлы жобалауда шешім қабылдау;
 Мектеп кеңесі және қоғамдық бірлестіктермен бірлесе отырып, мектептің ішкі тәртібінің ережелері мен жарғыларын, жылдық күнтізбелік оқу кестесін, тәртіп, курстар, оқу жоспарларын, мектепті дамыту бағдарламасын жасау, бекіту және енгізу жұмыстарын жүзеге асыру;
 Мектепті басқару құрылымын, штаттар кестесін анықтау, педагогикалық кадрларды таңдау, жұмысқа қабылдау, қызметкерлермен келісім шарттарын құру,
 Мектептің есептік жұмыстарын, жалпыға бірдей білім беру қорының, финанс-есептік жұмыстарын қадағалау;
 Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балардың мемлекеттік қорғаушысы болу, олардың заңды құқықтарын қорғау;
 Жергілікті басқару ұйымдарымен, өнеркәсіптер және бірлестіктермен, жоғары және арналуы орта білім беру орындарымен, қоғаммен және ата-аналармен нәтижелі байланысты қамтамасыз ету;
 Мектептің техникалық қауіпсіздігінің сақталуын, қызметкерлер, жұмысшылар мен оқушылардың өмірінің қауіпсіздігінің сақталуын қамтамасыз ету;
 Нормативтік құжаттардың, оқу материалдары қорының толықтырылуы мен сақталуын, есебін, еңбек қорғау және санитарлық –гигиеналық қалыпты сақтау ережелерінің орындалуын, техникалық құрал-жабдықтарымен қамтамсыз етілуін қадағалау;
 Оқу үрдісінің жоспары мен кестесіне сәйкес білім беру бағдарламаларының жүзеге асуына, бітірушілердің білім сапасына, өмірі мен денсаулығына, Қазақстан Республикасының бекітілген заңдарына, білім стандартына сәйкес оқу үрдісі кезінде мектеп қызметкерлері мен оқушыларының ережені сақталуын қамтамасыз ету
 Өзара сабаққа қатысу аптасына 4 рет
 Өзінің орынбасарларының жұмысына жетекшілік ету, қадағалау;
 Педагогикалық кеңестің, директор жанындағы мәжілістер, аттестаттау комиссиясы және 9-сынып, 11- сынып бітірушілерінің мемлекеттік емтихан комиссиясына төрағалық ету;
 Шеберханалар мен оқу кабинеттерінің техникалық оқу құралдарымен, көрнекі құралдармен, жаңа кондырғылармен жабдықтауға, кітапханалар мен әдістемелік кабинеттерді оқу –әдістемелік және көркем әдибиетпен, газет-журналдармен толықтыру;
 Оқушыларға медициналық қызмет көрсетудің барысын қадағалау;
 Мектептегі асхана жұмысын қадағалау.
Директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Балғабаеваның міндеттері:

 Жалпыға бірдей білім беру жұмысын жүзеге асыру;
 Негізгі және орта мектеп бітірушілерінің ҰБТ-ге дайындығын, мемлекеттік аралық бақылауға дайындықтың ұйымдастырылуын қадағалау;
 Мектеп бітірушілердің жұмысқа орналасуы, кәсіптік бағыттық жұмыстардың жүргізілуі, мектеп бітірушілердің құжаттарының берілуін қадағалау;
 Мемлекеттік емтихандардың өтілу барысын бақылау;
 Өзара сабаққа қатысу аптасына 4 рет;
 5-11 сыныптардағы мектепшілік бақылау мен оқу үдерісін бақылау;
 Мұғалімдердің тарификациядан өткізуге қажетті материалдарды дайындау;
 Педагог мамандардың жүктемесін бөлу;
 Мұғалімдердің жұмыс уақыты мен жіберген сабақтары, денсаулығына байланысты жіберілген сабақтары есебін жүргізу, табель жасау;
 Мектепттің статистикалық есебіне, аса жауапты есеп беру (алфавиттік кітап,) құжаттарына, аттестаттар мен куәліктерді тарату журналдарын жүргізу;
 Сыныптар жинақтау;
 І, ІІ кезең сабақ кестесінің талапқа сай құрылуын қадағалау;
 Факультативтер кестесін құру, факультатив сабақтардың бөлінуі мен өткізілуін қадағалау;
 Өндірістік білім беру шеберлерінің оқу жоспары мен бағдарламасын орындауғы жұмысын,сондай-ақ қажетті оқу –әдістемелік құжаттарды жасауда бағыт беру, қадағалау;
 Оқушылардың қалған күндерін белгілеу;
 9 сыныптардың сыныптан сыныпқа көшу емтихан комиссиясына төрағалық ету;
 Мемлекеттік, сыныптан сыныпка көшу емтихандарының кестесін бекіту;
 Ыстық тамақты ұйымдастыру;
 І, ІІ ауысым оқу процесіне (сабақ кестесіне) жауапты;
 География, биология, химия, информатика, математика, физика пәндеріне жетекшілік ету;
 ҰБДҚ порталының дұрыс толтыруына жауапты;
 Мектеп бойынша оқушыларға ыстық тамақпен қамтамасыз етілуді ұйымдастыру, қадағалау;
 Білім мекемелеріндегі ыстық тамақ, оқумен қамтылмай отырған оқушыларды анықтау және республикалық «Мектепке жол» акциясы бойынша жұмыстарын жүргізу;
 Директор жанындағы мәжілістің хаттамаларын жүргізу;
 Педагогикалық кеңестің хаттамаларын жүргізу.
 Педагог мамандарға әдістемелік көмек көрсету;
 Жаңа технология және бағдарламаларды жасауда, меңгеруде ұсыныстар жасау;
 Әдістемелік бірлестік жетекшілерінің жұмыстарын қадағалау, әдістемелік кеңесті өткізу;
 Жас мамандар мектебін құру, әдістемелік көмектің көрсетілуін қадағалау, тәлімгерлер бекітіп, олардың жұмысын қадағалау;
 Озат педагогикалық тәжірибені анықтап, тарату жұмыстарын ұйымдастыру, педагогикалық мамандардың шығармашылығын дамыту. Шығармашылық өсуіне қолдау көрсету;
 Мұғалімдердің санатын көтеру, педагог кадрлардың аттестаттаудан өту дайындығына атсалысу және біліктілігін арттыру курстарынан өтуін жүзеге асыру;
 Мұғалімдердің өзара сабаққа қатысуын бақылау;
 Өзара сабаққа қатысу аптасына 4 рет;
Оқушылардың ғылыми қоғамдық жұмысын қадағалау;
 Емтихан материалдарының сапасын қадағалау;
 5-11 сыныптардың мектепшілік бақылау мен оқу үрдісін бақылау;
 Қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, тарих, өзін тану пәндеріне жетекшілік ету.
 Бастауыш сыныптар бойынша жұмыс тәртібін, оқу жоспарларының орындалуын оқу бағдарламаларын, әртүрлі ағымда оқытудың нәтижелігін бақылайды;
 Бірінші сыныптарға оқушылар қабылданғанын қадағалайды;
 Бастауыш мұғалімдер арасында педагогикалық жүктеменің бөлуін іске асырады;
 Бастауыш сынып мұғалімдерінің қызметін бағалауда оқытудың және оқушылардың білім сапасын талдау мен үйлестіруді ұйымдастырады; ашық сабақтар, педагогикалық тәжірибе алмасу педагогикалық шеберлігін шыңдау үшін әдістемелік көмек және өзара көмекті ұйымдастырады;
 Біліктілік арттыруды жоспарлайды, мұғалімдердің қол жеткізген табыстарын мектепке және аймақ көлемінде жарыққа шығаруды қамтамасыз етеді;
 1-4 сынып оқушыларын оқытудың күрделі деңгейі бойынша қозғалысын
реттейді, оның есебін жүргізеді;
 Оқушыларға оқудағы және дамытудағы қиындықтары бойынша жеке көмек беруді ұйымдастырады;
 Өзара сабаққа қатысу аптасына 4 рет;
 1-4 сынып оқушыларының ата-аналарымен жұмысты үйлестіреді;;
 Бастауыш сыныптардың сабақ кестесін жасап, реттеп отыру;
 Дәптер тексеруге басшылық, күнделік, оқулықтардың сақталуы, қадағалауы;
 Бастауыш сынып оқушыларын әр түрлі жарыстарға қатыстыруға;
 Оқушылар қозғалысының құжаттарын реттеп отыру;
 Науқас балалардың үйден оқытылуын ұйымдастыру;
 Мектеп алды даярлық топтарын құрып, олардың қызметін бақылау;
 «КҮНДЕЛІК КЗ» электронды журналын жүргізу.
Оқушылардың ғылыми қоғамдық жұмысын ұйымдастыру;
 Мектептегі дарынды балалармен жұмыстардың жүргізілуін қадағалау;
 Оқушылардың олимпиадалар мен зияткерлік, ғылыми жобалар сайыстарына, конференцияларға қатысуын ұйымдастыру;
 Өзара сабаққа қатысу аптасына 4 рет;
 Мектептегі дарынды оқушылардың мектепшілік, аудандық, облыстық және республикалық қазақ ақындарының окуларына қатысуын ұйымдастыру;
 Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» заңының орындалуын ұйымдастыру, қадағалау.

Төмендегі міндеттер директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сарсенбаева Б. С. жүктеледі
 Оқушылармен сыныптан және мектептен тыс жұмыстарды жоспарлап оның орындалуын ұйымдастыру, қадағалау;
 Білім беру жүйесіндегі тәрбие жұмысының нормативтік-құқықтық оқушылармен сыныптан және мектептен тыс жұмыстарды жоспарлап оның орындалуын ұйымдастыру, қадағалау;
 «Жас ұлан» оқушы балалар мен жастар бірлістігінің жұмысың ұйымдастыру;
 «Қазақстан-2050» стратегиясының мектеп бойынша жоспарын іске асыру
 «Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері» мектеп бойынша іске асыру, қадағалау
 Тәрбие жұмысы бойынша айлық, жылдық жоспарларды ұйымдастыру, қадағалау;
 Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін насихаттау жұмыстарын ұйымдастыру, қадағалау;
 Жол жүру ережесі жөніндегі атқарылған жұмыстарының іс-шараларын қадағалау;
 Ата-аналар және қамқоршылық кеңестерімен жұмысын ұйымдастыру;
 Гендерлік тәрбие жөніндегі бағдарламалар бойынша жүргізілген жұмыстарын қадағалау;
 Үйірме, спорт секциясы және басқада әуесқой бірлестіктерді, жеке және біріккен қызметтерді ұйымдастыру;
 Өзіне тікелей бағынышты қызметкерлерді еңбекпен қорғау сұрақтары мен техникалық қауіпсіздікпен, өндірістік санитарлық және өрт қауіпсіздігінен,оған байланысты құжаттарды рәсімдеуге нұсқау беру, мектеп үйірмелеріндегі техникалық қауіпсіздікке жауапты;
 Мереке және каникул күндеріндегі кезекшіліктерді ұйымдастыру, қадағалау;
 Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» заңының орындалуын ұйымдастыру;
 Әлеуметтік педагогтармен бірлескен жұмыс;
 АӘД ,технология мұғалімдеріне жетекшілік ету;
 Оқушылармен сыныптан және мектептен тыс жұмыстарды жоспарлап оның орындалуын ұйымдастыру, қадағалау
 Оқушылардың каникулдағы демалыс уақытын ұйымдастыру, қадағалау (қолхаттар);
 Сынып жетекшілерінің әдістемелік бірлестік жетекшілерінің жұмыстарын қадағалау, әдістемелік кеңесті өткізу;
 Мектеп бойынша 1-4,5-9,10-11 сынып оқушыларымен, мұғалімдер және ата-аналарымен жүргізілетін жалпы құқықтық білім беру жұмыс жоспарын ұйымдастыру, қадалағалау;
 Аудандық ішкі істер басқармасы ювеналды полиция тобымен атқарылатын жұмыстарын бірлесіп ұйымдастыру;
 Аудан әкімдігі жанынан құрылған кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствовалық комиссиясымен бірлескен жұмыстарын ұйымдастыру;
 Діни экстремизмнің, терроризмнің алдын алу жұмыстарын ұйымдастыру;
 Сыбайлас жемқорлықты алдын алу жұмыстарын ұйымдастыру;
 Кәмелетке толмағандар арасында өзіне - өзі қол жұмсауға ұмтылған және суицид оқиғасын алдын алу жұмыстарын ұйымдастыру;
 Оқушыларға арналған мектеп жарғысы мен ережелердің (мектеп формасы) сақталуын бақылау, оқушылардың күнделікке сабаққа қатысуын қадағалау;
 Көгалдандыру, сенбілік жұмыстарын, экологиялық тәрбие беру жұмысын қадағалау;
 Мектеп психологтарымен бірлескен жұмыс;
 Патриоттық тәрбие жұмысын ұйымдастыру;
 Салауатты өмір салтын насихаттау жұмыстарын ұйымдастыру, қадағалау;
 Дене шынықтыру, музыка, сызу, сурет пәндері мұғалімдеріне жетекшілік ету;
 Жазғы демалыспен (ЖАЗ-2020) оқушыларды қамту, құжаттарын рәсімдеу, мектеп оқушыларын экскурсияға алып шығу, мәдени, тарихи маңызы бар жерлерге апару жұмыстары.
Төмендегі міндеттер әлеуметтік педагог Б.Құдайбергенге жүктеледі:
 Мектепте, отбасында, өмір сүру ортасында, жастар мен балалар қоғамдарында және ұйымдарында баланың тұлғалану үдерісінің дамуына тікелей әсер ету.
 Баланың құқықтары мен қызығушылықтарын, түрлі инстанцияларда және мектепте баланың қорғанышы ретінде өзі немесе басқа да мамандарды қатыстыра отырып қорғайды.
 Республикалық «Мектепке жол» акциясы бойынша жұмыстарын жүргізу;
 Бала тәрбиесінде отбасына әлеуметтік-педагогикалық көмек көрсету. Тұлғалану үдерісіне кері әсерін тигізетін әлеуметтік қатерлі отбасыларын анықтайды.
 Қорғаншы мен қамқоршыларды қажет ететін балалар мен жастарды анықтау және есепке алу жұмыстарын жүргізеді.
 Мінез-құлқында ауытқу байқалатын балалар мен жастарды дер кезінде анықтау, асоциалдық мінез-құлықтың алдын алу жұмыстарын (қылмыстың, құқық бұзушылықтың, маскүнемдіктің, таксикоманияның, наркоманияның және т.б.алдын алу).
 Салауатты өмір салтын ұйымдастыру мәселелерімен айналысады, оқушылардың ақыл-ой және физикалық дамуына байланысты түзету-оңалдыру әрекетін ұйымдастырады;
 Түрлі әлеуметтік топтарда сенімді қарым-қатынасқа түсе алуына көмек көрсету, әлеуметтену үдерісіне (кәсіп таңдауда, жұмысқа тұруда, денсаулығын нығайтуда, бос уақыттарын ұйымдастыруда және т.б.) ықпал ету;
 Ата-аналарға, педагогтарға, басқа да ұйымдардың қызметкерлеріне әлеуметтік-педагогикалық кеңес берумен айналысады;
 Мектептегі жетім, аз қамтылған отбасынан шыққан және әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан шыққан оқушыларды анықтау, құжаттарын рәсімдеу бойынша жұмыстарын жүргізсін.
Әлеуметтік педагогтің қызметтік бағыттары:
 Әлеуметтік педагог өз қызметін үш бағытта жүргізеді:
 балалар мен отбасының мүшелеріне жүргізілетін психодиагностикалық, психокоррекциялық қызмет әдістерін негіздеп, сараптайды және өңдейді;
 социумдағы әлеуметтік жағдайды зерттеп және оған болжам жасау арқылы отбасы мен балаларға әлеуметтік-педагогикалық нақты көмек формаларын және түрлерін ұсынады;
 баланың жан-жақты психологиялық дамуына жағдай жасау, оқу мен тәрбиеге теріс көзқарасты жою, салауатты өмір салтына оңды көзқарас қалыптастыру, бала тұлғасы дамуының бұзылуы себептерін анықтап, алдын ала сақтандыру шараларын жүргізу, үгіт-насихат жұмыстары арқылы педагогтар мен балалардың психологиялық, құқықтық біліктілігінің жоғары болуын қамтамасыз ету.
Төмендегі міндеттер директордың әкімшілік—шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары Б.Төлегеноваға жүктеледі:
 Шаруашылық қызметтің көрсетілуін және мектептің,аймақтың қалыпты жағдайда болуын,сынып бөлмелері мен мектептің көгалдандырылуын қадағалау;
 Қызметі бойынша қол астындағы жұмысшылардың жұмысын белгілеу;
 Мектеп ғимаратында құбырлар,су жылу, жарық жүйесін қамтамасыз ету,техникалық қауіпсіздігін қадағалау;
 Мектептің материалдық құнды заттарының сақталуына жауап беру;
 Ағымдағы жөндеу, жаңа оқу жылындағы және жыл бойғы кезексіз жөндеу жұмыстарын дер мезгілінде ұйымдастырып, басшылық жасау.
 Өрт қауіпсіздігіне, техника қауіпсіздігіне санитарлық нормалардың қатаң сақталуына бейне бақылау, сигнализациялардың өз мәнінде жұмыс істеуіне жауапты;
 Мектеп мүлкінің сақталуына, қорғалуын қамтамасыз етеді;
 Есеп құжаттарын, кіріс, шығыстардарды бухгалтериямен бірлесіп жүргізеді;
 Мектептің оқуға даярлығына жауапты;
 ҚР «Еңбек туралы» Заңына , мектептің ішкі ережелеріне, мамандығы мен кәсібіне сай кіші қызметкерлердің міндеттерін белгілейді;
 Мектептің жылу жүйесі, жарық, сумен қамтамасыз етілуіне, тазалығына жауапты;
 Инвентаризация жүргізуге;
 Мектеп әкімшілігін және қызмет көрсету персоналдарын табелдеу

Төмендегі міндеттер мектептің әскери-отан сүйгіштік тәрбие жұмысын ұйымдастырушы Ж.Сарсенбаевқа жүктеледі:
 Оқушылардың алғашкы әскери дайындықтан өтуін, отансүйгіштік тәрбие алужұмыстарын жүзеге асыру;
 Оқушыларды әскери –дала жиналыстарына , әскери-спорттық шараларға т.б. тарту жұмыстарын ұйымдастыру;
 Азаматтық қорғаныс жұмысын ұйымдастыру, әскери-патриоттық сайыстарға, жарыстарға қатысу, соғыс, Ауған соғысының ардагерлерімен кездесулер ұйымдастыру;
 Мектептің ішкі ережесінің сақталуын қадағалау;
 Дене тәрбиесі, алғашқы әскерни дайындық, дене тәрбиесі қауіпсіздігі, азаматтық қорғаныс пәндерінің оқытылуы, жұмыс шараларының жүргізілуіне;
 Мектеп қызметкерлері мен жоғары сынып оқушылары арасында мектеп бойынша әскери міндеттілерді есепке алу;
 Аудандық білімбасқармасы мен комиссариатқа есеп беруге;
 АӘД кабинеті мен « Жас ұлан» бұрышының жабдықталуына;
 Материалдық-техникалық базаны нығайтуға;
 Мектептегі әскери-патриоттық тәрбиенің берілуіне;
 Нормативтік құжаттармен жұмыс жасауға;
 Жылдық, айлық жоспардың орындалуына;
 Оқушылар өмір қауіпсіздігін, ережелерін сақтауға;
 «Қауіпсіз дөңгелек» іс-шарасын ұйымдастыру.
Төмендегі міндеттер мектеп психологі С.Рысбековаға жүктеледі:
 Мектеп бойынша психологиялық қызмет 5-11 cыныптар аралығында жұмыс жүргізу;
 Оқушылармен жеке қарым-қатынас жасау мәселелеріне бағытталған психологиялық,педагогикалық зерделеу жұмыстарын жүргізу;
 Оқушыларға психологиялық,профилактикалық,диагностикалық,коррекциялық кеңестер беру;
 Тұлғалар арасындағы мұғалім –оқушы, оқушы-оқушы,мұғалім-мұғалім,мұғалім мен ата-ана арақатынасын түзетуге байланысты ұсыныстар дайындау;
 Педагогикалық кеңес,әдістемелік бірлестіктер,жалпы мектепшілік және сыныптағы ата-аналар жиналыстарына қатысу;
 Оқушылармен жеке қарым –қатынас жасау мәселері бойынша педагогиқалық кеңеске хабарлама дайындау;
 Өз жұмысы бойынша құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету;
 Балалардың негізгі мектепке,негізгі мектептен орта мектепке ауысу кезеңінде психологиялық зерттеу;
 12 жылдық білім беруге көшу кезеңінде психологиялық қолдау көрсету;
 Заң оргындарының,қамқоршы және қорғаушы орындардың, кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссияның сұрауы бойынша баланың хал –жағдайы мен отбасылық тәрбие жағдайына психологиялық сараптама жүргізу;
 Оқушылардың ҰБТ психологиялық дайындықтарын қамтамасыз ету;
 Кәмелетке толмағандар арасында өзіне—өзі қол жұмсауға ұмтылған және суицид оқиғасын алдын алу жұмыстарының ұйымдастыру
Төмендегі міндеттер мектеп медбикесі Н.Кенжебаеваға жүктеледі:
 1-11 сынып оқушыларын маман дәрігерлердің тексеруінен өткізу іс-шараларын ұйымдастыру;
 Маман тексеру қорытындысын сынып жетекшілерге және мұғалімдерге жеткізу;
 Мектептің санитарлық тазалық жағдайын қадағалау;
 Мектеп жылу жүйесінің температуралық режимін қадағалау;
 Медицина кабинетін керекті дәрі –дәрмекпен және медицина құралдарымен жабдықтау;
 Мұғалімдер мен мектеп кіші қызметкерлерінің медициналық тексеруден өтуін бақылау;
 Мектепке келген,кеткен оқушыларды тіркеу;
 Алдын алу егуді жоспарлау және орындау:
 Жоғары сынып оқушыларын флюрографиялық тексеруден өткізу;
 Мектеп асханасының санитарлық жағдайын, тамақ дайындау барысын қадағалау,бракераж,ас мәзір журналын жүргізу;
 Оқушылардың және шағын орталығының бүлдіршіндерін таңертеңгілік фильтрден өткізу. Фильтр журналын жүргізу;
 Амбулаториялық қабылдау, дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсету,оқушылардың денсаулығын қадағалау;
 Санитарлық ағарту жұмысын жүргізу;
 «Санбюллетень» қабырға газетін шығару;
 Жалпы орта мектепті,негізгі орта мектепті бітірген оқушылардың медицинаналық кітапшаларын беру;
 Аудандық.мектепшілік сауықтыру лагерінде демалатын оқушыларды медициналық тексеруден өткізу.
 Мектепалды даярлық тобының және жаңа келген оқушыны медициналық тексеруден өткізу;
 Уақытында оқушыларға прививка жасау;
 Оқушыларға дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсету;
 «Д» учеттағы оқушыларды жылына 2 рет тексеруде өткізу;
 Мектептің тазалығын тексеруге;
 Оқушылардың тазалығын қадағалау;
 Оқушылар арасында медициналық насихат жүргізу;
 Салауатты өмір салтын оқушыларар асында насихаттау жасөспірімдер мен қыздар арасында гигиена сақтау жайлы әңгімелер өткізу;
 Мектептің жылу тәртібін қадағалауға;
 Асханада оқушылардың жүйелі түрде тамақтануын қадағалауға;
 Әр оқу жылында оқушыларды дәрігерлік байқаудан өткізуге;
 Әр оқу жылында мұғалімдерді, тех. персоналды дәрігерлік байқаудан өтуін қадағалау
Төмендегі міндеттер мектеп бас кітапханашысы А. Абибуллаеваға жүктеледі:
 Келіп түскен мектеп қорынан жинақталған және жеке дара есеп алу, одан шығатын құжат бөлінген түзу;
 Кітаптар жиынтығы қорын түзу, сақтау;
 Әр сынып бойынша оқушыларды оқулыкпен қамтамасыз ету:
 Каталог және картотека бойынша іс жүргізу:
 Абонент бойынша кітап алушыларға қызмет көрсету;
 Оқу залының жағдайын жасау;
 Өз ісіне күнделікте статистикалық есеп жүргізу;
 Мұғалімдер ұйымына қызмет көрсету, анықтамаларын дайындау;
 «Mәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын жүзеге асыру.
 «Қазақстан-2050» – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясының негізгі бағыттарын, Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауларын іске асыру және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті
Н.Ә. Назарбаевтың ұлттық тарихты дамыту мен тарихи сананы жаңғыртудағы рөлін анықтау мақсатында арналған әдибиеттерден оқырманды хабардар ету;
 Рухани-адамгершілік және көшбасшылық қасиеттері бар азамат және патриот тұлғаны қалыптастыру мақсатында мектеп бойынша Қазақстан Республикасының мейрамдарын өткізу іс-шараларында кітап көрмесін ұйымдастыру
 Мұғалімдермен бірлесе тәрбие жұмысын ұйымдастыруда оқушылармен бірге жаңалық жаршысы болу, жаңа технологияны қолдану;
 Жыл соңында оқулықтарды әр сынып бойынша тексеріп, қабылдап алу.
Төмендегі міндеттер мектеп іс-жүргізушісі Н.Сарсенбаеваға жүктеледі:
 Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына, Еңбек кодексіне, Қазақстан Республикасы Білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына, Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңына сәйкес құжаттардың қазақ тілінде жүргізілуіне жауапты;
 Мектеп қызметкерлерін жұмысқа қабылдау және шығару құжаттарын жүргізуге;
 Мектеп мұғалімдерінің жеке іс-қағаздарын жүргізілуін қадағалауға;
 Еңбек кітапшаларын тіркеуге;
 Мақтау қағаздарын (мұғалімдер) тіркеуге;
 Бұйрық кітаптарын (жеке құрам бойынша бұйрықтары, негізгі мектеп басшысының бұйрықтары) жүргізуге;
Төмендегі міндеттер мектеп хатшысы және іс жүргізуші Ж. Юсуповаға жүктеледі:
 Мектепшілік бұйрық (келген, кеткен оқушылардың бұйрықтары) кітаптарын жүргізуге;
 Мектеп оқушыларының жеке іс-қағаздарын жүргізілуін қадағалауға;
 Оқушылардың жеке іс-құжаттарындағы негізгі орта білім беру туралы аттестаттың сақталуына;
 Оқушылардың келу және кету құжаттарын жүргізуге;
 Телефон хаттарын қабылдап, мәліметті керекті жайға жеткізуге;
 Оқушыларды қабылдау стандартын орындауға;
 Мұғалімдер мен оқушыларға анықтама беруге;
 Мақтау қағаздарын (оқушылардың) тіркеуге
 Кіріс және шығыс құжаттарының орындалуына;
 Шағым, арыздарды тіркеуге;
 Басшыға келген бөгде адамдарды тіркеуге;
 Алфавиттік кітапты жүргізуге;
 Табель номерін тіркеуге;


Похожие публикации:

22 сентябрь 2021 Мақала
29 октябрь 2021 Қазан айының есебі
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив