Оқушылар жетістіктері » №37ОРТА МЕКТЕП
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№37 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Оқушылар жетістіктері
Алтын сақа" математикалық олимпиадасының аудандық кезеңі
08
декабрь
2023
Алтын сақа" математикалық олимпиадасының аудандық кезеңі
Алматы облысы бойынша қабілетті балаларды анықтау мақсатында  орта буын және бастауыш сынып аралығында өткен, белгілі  математик  Рысбек Мәуіт ағамыздың ұйымдастыруымен  "Алтын сақа" математикалық олимпиадасының аудандық кезеңіне мектебімізден 5 а сынып оқушысы Манарбек Еркебұлан З.Деникулованың дайындауымен қатысып, жүлделі ІІ орынға және 3а сынып оқушысы  А.Примбетованың жетекшілігімен Қадыржан Айша қатысып, жүлделі ІІ орынға, 3ә сынып оқушылары  Г.Түймешеваның жетекшілігімен Сарсенәлі Ернар
"Ілияс-эпик ақын" тақырыбында ақын поэмаларын жатқа оқу
06
апрель
2022
"Ілияс-эпик ақын" тақырыбында ақын поэмаларын жатқа оқу
6 сәуір күні Байсерке ауылы №12 орта мектебінде І.Жансүгіров оқуларының аудандық кезеңі өтті. "Ілияс-эпик ақын" тақырыбында ақын поэмаларын жатқа оқу бөлімі бойынша мектебіміздің дарынды оқушысы Алхуат Камила бас жүлдені иемденіп облысқа жолдама алды. Жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі С. Альжанова.  Алар асуларыңыз көп болып, мерейлеріңіз үстем болсын!                   
7-8 сыныптар арасында волейболдан аймақтық жарыс.
12
февраль
2022
7-8 сыныптар арасында волейболдан аймақтық жарыс.
          Бүгін,12.02.2022ж күні салауатты өмір салтын ұстану  және дене тәрбиесін дамыту  мақсатында аймақтық мектеп лигасы аясында  7-8 сыныптар арасында  ВОЛЕЙБОЛДАН  жарыс  ұйымдастырылды.Жарыста мектебіміздің құрама командасы өз өнерлерімен ерекшеленіп  жүлделі   I - ші орынға ие болды.  Оқушыларымыз мектебіміздің мәртебесін биікке көтеріп, ұстаздарын қуанышқа бөледі!                 
5-6 сыныптар арасында волейболдан аймақтық жарыс
12
февраль
2022
5-6 сыныптар арасында волейболдан аймақтық жарыс
           Бүгін,12.02.22ж күні Іле ауданы мектеп оқушыларының " Мектеп лигасы" ережесі бойынша волейболдан 5-6 сынып ұлдары арасында жарыс өтілді. Мектебіміздің 6 ә сынып оқушысы Рысбек Елдар өз өнерін аянбай көрсетіп " Үздік қорғаушы"  номинациясына ие болып, ұстаздарын тағы бір мәрте қуантты.