Жетістіктеріміз » №37ОРТА МЕКТЕП
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№37 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жетістіктеріміз
«Бала шабыты» халықаралық конкурсына қатысып бас жүлдені иеленді
28
март
2024
«Бала шабыты» халықаралық конкурсына қатысып бас жүлдені иеленді
Мектебіміздің домбрашылар оркестірі «Бала шабыты» халықаралық конкурсына қатысып бас жүлдені иеленді. Жетекшісі музыка пәнінің мұғалімі Айнұр Азилханова. Бас жүлделеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Жеңісті күндер көп болсын! Біз шәкірттерімізбен мақтанамыз!
Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылған сынып сағаты
11
декабрь
2023
Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылған сынып сағаты
      1а сыныбы бойынша М.Дүисеваның жетекшілігімен “Мәңгілік ел- Қазақстан” тақырыбында Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылған сынып сағаты болып өтті. Мақсаты:Еліміздің мұратына айналған «Мәңгілік ел» идеясы - халықтың әл-ауқатын жақсартып, ынтымағын арттыратын, елді дамудың жаңа сатысына жетелейтін жаңа қадам екендігін түсіндіру,Астана қаласы туралы түсінік беру; Оқушыларды патриоттыққа,Отанды сүюге,тәуелсіз елімізді қастерлеуге үйрету болды. Оқушыларымыз ата- аналарының көмегімен
"Оқуға құштар мектеп"
05
декабрь
2023
"Оқуға құштар мектеп"
   "Оқуға құштар мектеп" тақырыбындағы жоба  аясында мектебіміздің 7"А " сынып оқушылары Республикалық Абай оқуларына қатысып, өз өнерлерін көрсетті.  Жоба мақсаты: Оқушылар қазақтың бас ақыны, ұлы ойшыл Абай Құнанбаевтің мол мұрасын насихаттау  сонымен қатар Қазақ халқының әдеби мұрасын дәріптеу болды. Оқушыларымыз  шығармашылық саласындағы жобаға өз ерекшеліктерін, қабілеттерін, қызығушылықтарын жан жақты паш ете  отырып,, жүлделі орындарға  ие болды. Оқушыларымызға алар асулары, жетер
"Дарынды балаларға - талантты ұстаз 2023»
06
ноябрь
2023
"Дарынды балаларға - талантты ұстаз 2023»
"Дарынды балаларға - талантты ұстаз 2023» Республикалық педагогикалық олимпиадасының аудандық кезеңіне мектебімізден ағылшын тілі пән мұғалімі, жас маман Көптілеуова Жазира қатысып, жүлделі ІІ орынға ие болды. Жас та болса, өзінің еңбек етіп жүрген саласында білікті де білгір маман ретінде танылып үлгердіңіз. Осы айтулы сәтте Сізге келешекте де мамандығыңыздың үздік шебері атанып, алға қойған үлкен мақсаттарыңызға сүрінбей жете беруіңізге шын жүректен тілектеспіз! Құттықтаймыз
"Ауылым-   алтын бесігім" ауқымды шараға  мектебіміздің өнерпаз оқушылары қатысты
11
октябрь
2023
"Ауылым- алтын бесігім" ауқымды шараға мектебіміздің өнерпаз
         Іле ауданы мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай "Ауылым-   алтын бесігім" тақырыбында ұйымдастырылған ауқымды шараға  мектебіміздің өнерпаз оқушылары қатысып,өз өнерлерін паш етті. Шараға мектебіміздің музыка пәні мұғалімі А.Азилханованың жетекшілігімен  өнер шеберлері яғни домбыра үйірмесіне қатысатын оқушыларымыз, рухани мәдениет, өнер саласына өлшеусіз  өз үлестерін аянбай қосып келеді. Оқушыларымызға  өнердің  өребәйгесінде  тек биіктен самғай беріңдер-  дегіміз келеді!! 💐
"Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерін меңгертудегі жаңа әдіс-тәсілдердің тиімдідігі".
15
март
2023
"Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерін меңгертудегі жаңа әдіс-тәсілдердің
Мектебімізде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің аудандық семинары жоғары деңгейде өтті.  Семинар тақырыбы: "Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерін меңгертудегі жаңа әдіс-тәсілдердің тиімдідігі". Семинардың мақсаты: "Сапалы білім беруде оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіру және педагогикалық технологияны меңгеру арқылы оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыру". Семинарда N37 орта мектебінің, 19 орта мектебі және 4 орта мектептерінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері жаңа
Облыстық "Ұлттық мектеп лигасы"
01
март
2023
Облыстық "Ұлттық мектеп лигасы"
Мектебімізден Облыстық "Ұлттық мектеп лигасы" 7-8 сыныптар бойынша  ұлдар арасында асық атудан конкурсқа қатысып, озық өнерлерімен суырылып алға шығып,  жүлделі ІІІ- орынға ие болды. Осы оқушыларымызды баптап, спорттың өре бәйгесіне дайындаған дене-шынықтыру пән мұғалімдерімізге,  Алғыс айтамыз!!  Марапат иелерін  құттықтаймыз💐
Волейболдан аймақтық жарыс
11
февраль
2023
Волейболдан аймақтық жарыс
      Мектебімізде салауатты өмір салтын дәріптеу яғни ұстану мақсатында Д.Джамалбеков ағайдың ұйымдастыруымен волейболдан аймақтық жарыс өтілді. Мектеп оқушыларынан құралған құрама комадасы  яғни  спорт шеберлері қатысып, жүлделі I- орынға ие болды.  Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз!! 💐
ІЛЕ АУДАНЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ЖЕҢІСІ
27
октябрь
2022
ІЛЕ АУДАНЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ЖЕҢІСІ
"Дарынды балаларға - талантты ұстаз" педагогикалық олимпиадасының облыстық кезеңінде №37 орта мектептің химия пәні мұғалімі, жас маман Темирбаева Қазына жүлделі І орынды иеленіп, аталған байқаудың республикалық кезеңіне жолдама алды.  Аталмыш олимпиада педагогикалық өтілі 5 жылға дейінгі жас мамандар арасында 27-қазан күні Қонаев қаласындағы №3 орта мектеп базасында өтті. Қараша айында өтетін республикалық кезеңінде Қазына Қуандыққызына сәттілік тілейміз!
"Арман" шығармашылық орталығы
01
сентябрь
2022
"Арман" шығармашылық орталығы
             N37орта мектебі базасында "Арман" шығармашылық орталығы  өз қызметін атқаруда. Мектеп оқушылары арасында дарындылықты шыңдау мақсатында таңдаулары бойынша үйірмелерге қатыстырып, олардың бос уақытын тиімді пайдалану орын алуда.  Домбыра үйірмесінің оқушылары Айнұр Азилханованың жетектеуімен Астана қаласындағы "ViVA ASTANA" -2022 байқауына қатысып,өз өнерлерін паш етіп, дұрыс жолға қойылды. Оқушыларымыз өнер бәйгесінде алі де биік белестерді бағындыратынына кәміл сенеміз!