№37 орта мектебінде “Үздіктер шеруі”
Бүгін №37 орта мектебінде білім мен өнерде, спорт пен қоғамдық жұмыстарда үздік нәтиже көрсеткен дарынды оқушыларды марапаттауға арналған дәстүрлі “Үздіктер шеруі” салтанатты рәсімі өтті. Іс-шараның басты мақсаты – жыл бойы түрлі байқаулар мен олимпиадаларда, ғылыми жобаларда, шығармашылық және спорттық жарыстарда жетістікке жеткен оқушылардың еңбегін бағалап, олардың жетістіктерін көпшілікке үлгі ету. Мерекелік жиын барысында мектеп директоры үздік оқушыларды құттықтап, олардың табандылығы мен