12
февраль
2026
Ауған ардагерлерімен тағылымды кездесу
Мектебімізде Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 37 жыл толуына орай Ауған соғысының ардагерлеріне арналған тағылымды кездесу кеші өткізілді.
Іс-шараның басты мақсаты – жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру, ардагерлердің ерлігін насихаттау және тарихтан тағылым алу болды. Кеш барысында құрметті қонақтар – ауған соғысының ардагерлері шақырылып, олардың өмір жолы мен ел алдындағы еңбегі туралы кеңінен айтылды.Оқушылар ардагерлерге арнап өлең оқып, ән шырқап, жүрекжарды лебіздерін білдірді. Кездесу барысында ардагерлер өз естеліктерімен бөлісіп, жас буынға бейбіт өмірдің қадірін бағалауға, елін сүюге, Отанға адал қызмет етуге шақырды.
Тағылымды кеш әсерлі сұхбатқа ұласып, оқушылар көкейіндегі сұрақтарын қойып, батыр ағаларымыздың ақыл-кеңесін тыңдады. Шара соңында қонақтарға алғыс білдіріліп, естелік сыйлықтар табысталды.Осындай мазмұнды кездесулер жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік рухты нығайтып, тарихқа деген құрметін арттырары сөзсіз.