Мақала » №37ОРТА МЕКТЕП
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№37 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
22
сентябрь
2021

Мақала

Мемлекеттік қызмет көрсету - заман талабы.

       Бүгінгі күні уақытты талап ететін сансыз анықтамаларды өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы жүзеге асырудамыз. Қажетті құжаттарды алу үшін жұмыстан сұранып, халыққа қызмет көрсету орталығында ұзын-сонар кезекке тұрудың қажеті жоқ. Бұл шаруа өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарының көмегімен едәуір жеңілдеді.
 Төле би ауылының «№37 толық емес орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесінде де өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс жасайды. Яғни, мекеме қызметкерлері электронды үкімет порталы арқылы кез келген мемлекеттік қызметті ала алады, атап айтқанда алысқа бармай-ақ қажетті мемлекеттік қызметтер, мекен-жай анықтамасы, сотталмағаны туралы анықтамалар және тағы басқа қажетті анықтамаларды ала алады. Жұмыс басты жандар өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарының арқасында уақытын үнемдейді. Бір құжат үшін қызмет көрсету орталығына бару керек деп жанталасудың қажеті жоқ.
Мұндай бұрыш қазіргі заманда өзінің тиімділігін барынша дәлелдеп отыр.
Мектебімізде мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жауапты қызметкерлер бекітілген. ҚР мемлекет басшысының Жолдауындағы нұсқауларға сәйкес, мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта көрсетуді халық арасында танымал ету мақсатында біршама жұмыстар атқарылып келеді. Мектептегі Өзіне өзі қызмет көрсету бұрышы жұмысы жүйелік әкімшілік Асем Құдабаева тарапынан үздіксіз қадағалануда.
«Оқушыларды бірінші сыныпқа қабылдау» мәселесі бойынша 2021-2022 оқу жылында ҚР Білім дәне ғылым министрінің «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы, бұйрығының негізінде мектепішілік бұйрық шығарылды. 2021-2022 оқу жылына 01.06-31.08 күндері аралығында 1 қазақ сыныптарына 40 оқушыға мемлекеттік қызмет көрсетілді. Мектепалды даярлық тобына - қазақ тобына 11 балаға мемлекеттік қызмет көрсетілді. 2020-2021 оқу жылында 9сыныптарды 25 оқушы аяқтап, 10 сыныпқа 14 оқушы қабылданды.
Үйден оқыту бойынша 1 оқушыға мемлекеттік қызмет көрсетіліп, үйден оқытылады. Педагог қызметкерлерді аттестаттау бойынша 22 мұғалімге мемлекеттік қызмет көрсетіліп, құжаттары жинақталды.
Мектебімізде ыстық тамақпен 105 оқушы қамтылған, аталған оқушыларға ыстық тамақ бойынша мемлекеттік қызмет көрсетіліп, әлеуметтік педагог Бағила Құдайберген сынып жетекшілермен тығыз байланыста болып отыр. Әр ата-ана, әр баланың тұрмыс-жағдайын зерттеп, АКТ (ЖБУ) толтырып, мемлекеттік қызмет көрсетілуде.
 «Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызмет көрсету бойынша негізгі және жалпы орта білім туралы жоғалған аттестаттардың телнұсқаларын дайындауға мемлекеттік қызметтер көрсетуге дайынбыз. Аталған жұмыстарды мектеп директорының міндетін атқарушы Балғабаева Ақерке Әбдімәжитқызы үнемі қадағалау үстінде.

Құдабаева Асем Кадирбековна
Жүйелік әкімшілік
 «№37 толық емес орта мектебі» МКМ

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив