Ас адамның арқауы! » №37ОРТА МЕКТЕП
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№37 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ас адамның арқауы!
20
январь
2022

Ас адамның арқауы!


Дұрыс тамақтану – сапалы білім негізі!
[i[/i]
Адамның ең үлкен байлығы – денсаулық. Ал денсаулықты, ағзаның күшін нығайтудың басты кепілі – дұрыс тамақтану. Біздің денсаулығымыз көбінесе қалай тамақтануымызға байланысты. Дұрыс тамақтану – денсаулық негізі. Дені сау бала ұлт болашағы. Бала болашығының жарқын болуы- сапалы білімде.
№37 орта мектебінде оқушылардың дұрыс тамақтануы жақсы жолға қою мақсатында мектеп асханасында оқушылар ыстық және буфеттік тағамдармен қамтамасыз етіледі. Соның ішінде жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, аз қамтылған, көпбалалы, толық емес отбасыларында тәрбиеленетін 109 (жүз тоғыз) оқушы мектеп асханасынан Жалпыға бірдей білім беру қоры есебінен тегін тамақтанады.
Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары М. Мұқажанов, әлеуметтік педагог Б. Құдайберген көп балалы, аз қамтылған отбасы балаларын тегін ыстық тамақпен қамтылуын қамтасыз етіп отыр. Мектеп асханасын жалға алушы Р. Хасанова асхана қызметкерлері аталған әлеуметтік мәртебеге ие оқушыларға ыстық тамақты бекітілген ас мәзірі бойынша сапалы түрде беріп отыруын үнемі қадағалап отырады.
 Мектебімізде жалпыға бірдей білім беру қоры есебінен 109 оқушы тамақтанса, мектеп асханасынан жалпы 365 оқушы ата-ана көмегімен тамақтануда. Оқушылар арнайы бекітілген кесте бойынша сынып жетекшісінің қадағалауымен ыстық тамақтарын күнделікті, кестеге сай мерзімде ішіп отырады.
 Ақылы түрде буфеттік тамақпен оқушылардың 100,0%-ы, ақысыз 29.9%-ы қамтылған. Көрсетілген 109 оқушының ішінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 1 оқушы, 22 аз қамтылған отбасының балалары, 67 бала көпбалалы отбасы балаларыжәне толық емес отбасынани шыққан 19 оқушы тамақтанады. Оның ішінде бастауыш сынып оқушыларынан 64 бала болса, 45 бала жоғарғы сынып оқушылары.
«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» демекші, мектеп асханасын жалға алушы Хасанова Розалина ханымға мектеп ұжымы атынан алғысымыз шексіз. Себебі, асханаға қай уақытта барсаңда ыстық тамақ дайын, ЖББ қорынан тегін тамақ ішетін оқушылар уақытылы ыстық тамақпен қамтылған және өз есебінен әлеуметтік жағдайына байланысты 10 оқушыны тегін тамақпен қамтамасыз етіп отыр. Асхана қызметкерлеріне ешқандай ескертулер мен шағымдар болған емес. Есесіне баласының уақытылы тойып тамақтанып жүргеніне ата-аналар алғыстарын білдіруде.

«
№37 орта мектеп» МКМ
Әлеуметтік педагог: Құдайберген Бағила




[justify][/justify]

Похожие публикации:

29 октябрь 2021 Қазан айының есебі
08 ноябрь 2021 Мектеп асханасы
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив