ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕ ТАМАҚТАНУДЫҢ ЖАҢА МОДЕЛІ ӘЗІРЛЕНДІ » №37ОРТА МЕКТЕП
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№37 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕ ТАМАҚТАНУДЫҢ ЖАҢА МОДЕЛІ ӘЗІРЛЕНДІ
07
ноябрь
2023

ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕ ТАМАҚТАНУДЫҢ ЖАҢА МОДЕЛІ ӘЗІРЛЕНДІ

ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕ ТАМАҚТАНУДЫҢ ЖАҢА МОДЕЛІ ӘЗІРЛЕНДІ

▶️Елімізде әзірленген жаңа модель мектепте тамақтану мәдениетін қалыптастырудың кезеңдік іс-шаралар кешенін қамтиды. Пилоттық жоба Астана қаласының алты мектебінде жүзеге асырылуда. Аталған модель Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен Ұлттық салауатты тамақтану орталығымен бірлесіп құрылды.

1️⃣Бірінші кезеңде мектептегі тамақтануды ұйымдастыруды бағалау және талдау мақсатында балалардың мектеп асханасындағы мінез-құлқының үлгілерін байқап зерттеу, антропометриялық көрсеткіштерді өлшеу (бойы, салмағы) және дұрыс тамақтану қағидаттарын білуге сауалнама жүргізіледі.

2️⃣Екіншісінде - салауатты өмір салты саласындағы білім мен тәжірибені байыту үшін жеткізушілерді, мектеп персоналын, оқушыларды және олардың ата-аналарын оқыту ұйымдастырылады.

3️⃣Үшінші кезең балалардың дұрыс тамақтануына және физиологиялық қажеттіліктерін есепке алуға баса назар аудара отырып, оқушылардың тамақтануын реттейтін нормативтік-құқықтық құжаттарды үйлестіруді білдіреді.

4️⃣Төртінші кезеңде балалардың денсаулығын сақтауға бағытталған мектепте тамақтанудың жаңа моделін әзірлеу көзделіп отыр. Бұл үдеріс денсаулықты сақтауға ықпал ететін білім беру ортасын қалыптастыру мақсатында үйлестірілген тәсілді қамтамасыз етпек.

5️⃣Соңғы кезең - енгізілген өзгерістердің мониторингі және тиімділігін бағалау.

▫️Айта кетейік, бұған дейін Министрлік тамақтануды ұйымдастырудың қауіпсіз жағдайларына әсер ететін критерийлерді зерттеген болатын. Соған сәйкес Ұлттық дәстүрлерге және өңірде өндірілетін отандық өнімдердің ассортиментіне сәйкес мәзір әзірленді.

✅Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап №37 орта мектебі бойынша жалпы 191 оқушы, оның ішінде 124-і бастауыш сынып оқушылары және 67 -і ХӘОТ санатындағы 5-11 сынып оқушылары тегін тамақпен қамтылды.








Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив