«Мектебім - мейірім мекені»
Мектебіміздің жаңа оқу жылы «Мектебім - мейірім мекені» атты алғашқы қоңырауға арналған сап түзеумен бастау алды. Мерекелік іс - шараға Ащыбұлақ ауылдық округінің ардагерлер кеңесінің мүшесі, ауылымыздың құрметті азаматы Қылышбыев Қайритдин ақсақалымыз құрметті қонақ ретінде шақырылып, алғаш мектеп табалдырығын аттағалы тұрған бүлдіршіндерге өзінің ақжарма тілектерін арнады. Мерекелік сап түзеуден кейін жаңа оқу жылы қарсаңында жағымды ахуал және оң көзқарас қалыптастыру мақсатында