О нас » №37ОРТА МЕКТЕП
Алматинская область
Коммунальное государственное учреждение
"№37 орта мектебі"
отдела образования Илийского района
Приемная
+7(72) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72) 43-50-93
Версия для
слабовидящих
«Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік-қауіпті көрініс»
15
май
2024
«Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік-қауіпті көрініс»
2024 жылдың 15 мамыр күні «Жемқорлықсыз мектеп» атты айлық марафонына сәйкес «Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік-қауіпті көрініс» тақырыбында 5-8 сыныптар арасында сурет байқауы өткізілді. Сурет байқауында 7 «Ә» сынып білім алушысы Қажығали Сұлтан 1 орынға ие болды
"Таза Қазақстан" республикалық акциясы
10
май
2024
"Таза Қазақстан" республикалық акциясы
Елімізде табиғатты аялау, қоршаған ортаны қорғауға бағытталған «Таза Қазақстан» республикалық акциясы өтуде. Экологиялық науқанға мектеп ұжымы мен мектеп оқушылары жаппай қатысып, туған жерін, тұрған аумағын таза ұстауға үлес қосуда. Ұрпақты тәрбиелеу үшін ең алдымен өзімізді тәрбиелеуіміз керек. Айналаны таза ұстап, қоршаған ортаға құрметпен қарасақ, тазалыққа жаны жақын ұрпақ қалыптасатыны ақиқат.
"Жемқорлықсыз мектеп"
06
май
2024
"Жемқорлықсыз мектеп"
Төле би ауылы «№37 орта мектебі» отдела образования Илийского районанде "Жемқорлықсыз мектеп" атты марафон бойынша "Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ! " тақырыбында оқушылар эссе жазды. Мақсаты:Сыбайлас жемқорлықтың, құқық бұзушылықтардың алдын алу; Саяси өмірден хабардар жеке тұлғаны қалыптастыра отырып, шәкірттердің еркін сөйлеуіне, қоғамға деген өз ой-пікірлерімен санасуға жағдай жасау, ҚР-на адал қызмет етуге, Ата заңды құрметтеуге, адамгершілікке тәрбиелеу.
Айбергенов оқуларының аудандық кезеңі
22
апрель
2024
Айбергенов оқуларының аудандық кезеңі
Бүгін Төлеген Айбергенов оқуларының аудандық кезеңіне қатысып, жүлделі 3 орын алған 9 сынып оқушысы Максимов Абылай мен жетекшісі Конбаева Жадыра Елемесқызын шын жүректен құттықтаймыз!  
Аудандық М.Мақатаев оқулары
19
апрель
2024
Аудандық М.Мақатаев оқулары
Мектеп оқушылары арасында М.Мақатаев шығармаларын насихаттау, олардың шығармашылық қабілеттерін, тұлғалық сезім мәдениетін дамыту, ақынның рухани мұрасына деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында аудандық М.Мақатаев оқуларының "Айтып өткен ақында арман бар ма?"- тақырыбында байқауға мектебімізден 7а сынып оқушысы Байжанов Алихан қатысып, өз озық өнерімен ерекше көзге түсіп, жүлделі ІІІ орынға ие болды.Оқушымызға әлі де алар асуларың, жетер жетістіетерің көп болсын - деп толассыз ізгі тілектер
«Бала шабыты» халықаралық конкурсына қатысып бас жүлдені иеленді
28
март
2024
«Бала шабыты» халықаралық конкурсына қатысып бас жүлдені иеленді
Мектебіміздің домбрашылар оркестірі «Бала шабыты» халықаралық конкурсына қатысып бас жүлдені иеленді. Жетекшісі музыка пәнінің мұғалімі Айнұр Азилханова. Бас жүлделеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Жеңісті күндер көп болсын! Біз шәкірттерімізбен мақтанамыз!
Көрісу күні
14
март
2024
Көрісу күні
Бүгін, 14 наурыз – Көрісу күні. Бұл күнді Амал мерекесі деп те атайды. Адамдар осы күні бұрынғы өкпе-ренішін кешіріп, бір-біріне амандық-саулық тілейді. Көрісу күнін мектеп ұжымы атап өтуде. Көрісу күні құтты болсын!!! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай!!!
Мектептің өзін- өзі бағалауының қорытындысы
21
февраль
2024
Мектептің өзін- өзі бағалауының қорытындысы
«Алматинская область білім басқармасының Іле ауданы бойынша білім бөлімі» ММ «№37 орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесі Мектептің өзін-өзі бағалауын қорытындысы 2023-2024 оқу жылы Білім беру ұйымы туралы жалпы мәліметтер Білім беру ұйымының толық атауы «Алматинская область білім басқармасының Іле ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№37 орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесі; Білім беру ұйымының орналасқан жері 040702, Қазақстан Республикасы, Алматинская область, Іле ауданы,
Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылған сынып сағаты
11
декабрь
2023
Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылған сынып сағаты
      1а сыныбы бойынша М.Дүисеваның жетекшілігімен “Мәңгілік ел- Қазақстан” тақырыбында Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылған сынып сағаты болып өтті. Мақсаты:Еліміздің мұратына айналған «Мәңгілік ел» идеясы - халықтың әл-ауқатын жақсартып, ынтымағын арттыратын, елді дамудың жаңа сатысына жетелейтін жаңа қадам екендігін түсіндіру,Астана қаласы туралы түсінік беру; Оқушыларды патриоттыққа,Отанды сүюге,тәуелсіз елімізді қастерлеуге үйрету болды. Оқушыларымыз ата- аналарының көмегімен