Информация » №37ОРТА МЕКТЕП
Алматинская область
Коммунальное государственное учреждение
"№37 орта мектебі"
отдела образования Илийского района
Приемная
+7(72) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72) 43-50-93
Версия для
слабовидящих
» Информация
Халықаралық отбасы күні
15
май
2024
Халықаралық отбасы күні
Жыл сайын 15 мамырда 1993 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы бекіткен Халықаралық отбасы күні атап өтіледі. Бұл күнді белгілеу ел жұртшылығының назарын отбасының көптеген проблемаларына аударуды мақсат етеді. Отбасы қоғамның негізгі элементі ретінде адами құндылықтардың, мәдениеттің және ұрпақтардың тарихи сабақтастығының сақтаушысы, тұрақтылық пен дамудың факторы болды және болып қала береді. Отбасының арқасында мемлекет нығайып, дамып келеді, халықтың әл-ауқаты артып келеді. Барлық уақытта елдің дамуы
Түсіндірме жұмыстар
14
май
2024
Түсіндірме жұмыстар
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КОМИТЕТІ ШЕКАРА ҚЫЗМЕТІНІҢ терроризмге қарсы бейнеролигін жасөспірімдерге көрсетіліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.  
ҚҰТТЫҚТАУ
10
май
2024
ҚҰТТЫҚТАУ
Бүгін, мектебімізде өз қызметін үлкен жауапкершілікпен атқарып келе жатқан, электрик Лакбаев Әділжан ағамызды 63 жасқа толу мерейлі мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Жүйрік уақыттың ұшқыр қанаты Ағамызды мағыналы ғұмырыңың биік бір белесі – 63 жасқа алып жетті. Адам баласының ұзақ өміріндегі бел-белестердің бәрі де елеулі саналса керек. Сөйтсе- дағы пайғамбар жастың орны мүлдем ерекше екені баршамызға мәлім. Өзінің өнегелі өмір соқпағында сыйластық пен құрмет ұлағатын ұлықтап, үлкенге
"Таза Қазақстан" республикалық акциясы
10
май
2024
"Таза Қазақстан" республикалық акциясы
Елімізде табиғатты аялау, қоршаған ортаны қорғауға бағытталған «Таза Қазақстан» республикалық акциясы өтуде. Экологиялық науқанға мектеп ұжымы мен мектеп оқушылары жаппай қатысып, туған жерін, тұрған аумағын таза ұстауға үлес қосуда. Ұрпақты тәрбиелеу үшін ең алдымен өзімізді тәрбиелеуіміз керек. Айналаны таза ұстап, қоршаған ортаға құрметпен қарасақ, тазалыққа жаны жақын ұрпақ қалыптасатыны ақиқат.
"Жемқорлықсыз мектеп"
06
май
2024
"Жемқорлықсыз мектеп"
Төле би ауылы «№37 орта мектебі» отдела образования Илийского районанде "Жемқорлықсыз мектеп" атты марафон бойынша "Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ! " тақырыбында оқушылар эссе жазды. Мақсаты:Сыбайлас жемқорлықтың, құқық бұзушылықтардың алдын алу; Саяси өмірден хабардар жеке тұлғаны қалыптастыра отырып, шәкірттердің еркін сөйлеуіне, қоғамға деген өз ой-пікірлерімен санасуға жағдай жасау, ҚР-на адал қызмет етуге, Ата заңды құрметтеуге, адамгершілікке тәрбиелеу.
«Асыл қасиет - адалдық» тақырыбында «Адал ұрпақ» мектеп клубының мүшелерінің арасында дөңгелек үстел өткізілді.
02
май
2024
«Асыл қасиет - адалдық» тақырыбында «Адал ұрпақ» мектеп клубының
Аудандық білім мекемелерінде 02-31 мамыр аралығында «Жемқорлықсыз мектеп» атты айлық марафоны ұйымдастырылып, мектебімізде «Асыл қасиет - адалдық» тақырыбында «Адал ұрпақ» мектеп клубының мүшелерінің арасында дөңгелек үстел өткізілді. Мақсаты: оқушылардың бойында адамгершілік қасиеттерін дарыта отырып, адалдық, әділдік, шынайылық туралы білімін жетілдіру. Жан-жақты білімге тоқтала отырып, ой-санасын кеңейту. Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете жүріп, өзіне деген құрметін арттыруға тәрбиелеу.
Қазақстан халқының бірлігі күні
30
апрель
2024
Қазақстан халқының бірлігі күні
1—мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні. Аталмыш мереке елімізде 1996 жылдан бастап тойланып келеді. Бүгінде еліміздің кең байтақ жерінде 130—дан астам әр түрлі ұлт өкілдері мекен етеді. Осы мерекеге орай №37 орта мектебінде “Ынтымақ, бірлік, келісім—ең басты байлық ел үшін” тақырыбында сыныптан тыс іс-шара өтті. Қазақ елінің ұлттық аспабымен күй шертіліп, өзге ұлт өкілдерінің салт—дәстүрімен танысып, ұлттық киімдер үлгілерімен таныстырды.Мақсаты: Балаларға 1 – мамыр Қазақстан халықтар бірлігі
Алтын қазына
30
апрель
2024
Алтын қазына
«Алтын қазына » атты балаларға арналған аудандық көркем және сәндік-қолданбалы өнер байқауының тоқыма бұйымдар номинациясына белсене қатысып, өзіндік қабілеті мен белсенділігі үшін жүлделі ІІІ орынды иеленген Тайыр Әселді құттықтаймыз!
«Таза Қазақстан»
27
апрель
2024
«Таза Қазақстан»
«Таза Қазақстан» акциясы аясында Төле би ауылының көшелері тазартылып, абаттандырылды. Тұрғындар мен еріктілер аумақтағы арық – атыздарды тазаласа, мектеп қызметкерлері ағаштар мен көгалдарды ретке келтірді.   Экологиялық мәдениетті қалыптастыра отырып, отансүйгіштікке, табиғатты қорғауға,  қоршаған ортаға деген жанашырлық құндылықтарды артыруды  көздеген науқан аясында әкімдік қызметкерлері  ауыл тұрғындарын белсенді болуға шақырды. Айлық аясымен ғана шектелмейміз, деген олар әрмен қарайда
Аудандық М.Мақатаев оқулары
19
апрель
2024
Аудандық М.Мақатаев оқулары
Мектеп оқушылары арасында М.Мақатаев шығармаларын насихаттау, олардың шығармашылық қабілеттерін, тұлғалық сезім мәдениетін дамыту, ақынның рухани мұрасына деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында аудандық М.Мақатаев оқуларының "Айтып өткен ақында арман бар ма?"- тақырыбында байқауға мектебімізден 7а сынып оқушысы Байжанов Алихан қатысып, өз озық өнерімен ерекше көзге түсіп, жүлделі ІІІ орынға ие болды.Оқушымызға әлі де алар асуларың, жетер жетістіетерің көп болсын - деп толассыз ізгі тілектер