Абай күні
Құрметті қазақ елі! Сіздерді әлемдік деңгейдегі ойшыл, ұлт руханиятының темірқазығы – Абай күнімен құттықтаймыз! Абайдың шығармашылық мұрасын бүкіл әлем мойындады. Оның шығармалары көптеген тілдерге аударылды. Ұлы қазақ ақынының мұрасы - әлемдік мәдениеттің ажырамас бөлігі, ал оның есімі барлық халықтардың ұлы ақындарымен бір қатарда тұр. Ұлы ақын және қазақ әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбайұлы 1845 жылы 10 тамызда дүние келген.