Оқушыларға » №37ОРТА МЕКТЕП
Алматы облысы білім басқармасының
Іле ауданы білім бөлімінің
"№37 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Оқушыларға
37 орта мектебінің ұжымы баршаңызды ұлт тарихындағы маңызды мереке – Республика күнімен шын жүректен құттықтайды!
25
октябрь
2025
37 орта мектебінің ұжымы баршаңызды ұлт тарихындағы маңызды мереке –
37 орта мектебінің ұжымы баршаңызды ұлт тарихындағы маңызды мереке – Республика күнімен шын жүректен құттықтайды! Бұл күн – мемлекетіміздің тәуелсіздікке бастар тарихи қадамының, ел бірлігі мен тұтастығының символы. Республика күні – Отанымыздың өткені мен бүгініне тағзым етіп, жарқын болашаққа сеніммен қадам басатын күн. Еліміз аман, тәуелсіздігіміз мәңгі, ұрпағымыз білімді де отансүйгіш болсын!  #РеспубликаКүні #Қазақстан  #Бірлік  #ТәуелсізЕл  #37ortamektebi
"N37орта мектебі” МКМ әкімшілігі 2024-2025 оқу  жылындағы “Соңғы қоңырау” және “Қорытынды аттестаттау” кезеңдеріне қатысты мына жағдайларды ескертуі
19
май
2025
"N37орта мектебі” МКМ әкімшілігі 2024-2025 оқу жылындағы “Соңғы
АТА-АНАЛАР НАЗАРЫНА! 🏫"N37орта мектебі” МКМ әкімшілігі 2024-2025 оқу  жылындағы “Соңғы қоңырау” және “Қорытынды аттестаттау” кезеңдеріне қатысты мына жағдайларды ескертеді: ✅4,9 және 11 сынып оқушыларына мектеп қажеттілігіне ақша жинамау;  ✅Аниматорлар, студиялар мен агенттіктерді шақырмау;  ✅Мектеп әкімшілігі мен ұстаздарға бағалы сыйлықтарды  бермеу;  ✅Мектептің ішкі жөндеу жұмыстарына қажетті санитарлық-шаруашылық заттарды сатып алу мақсатында білім алушылардан ақша жинамау;  ✅Оқушылардың
1-мамыр Бірлік күні құтты болсын
01
май
2025
1-мамыр Бірлік күні құтты болсын
Қазақстан халқының бірлігі күні — Қазақстанда жыл сайын тойланатын мереке. Мереке 1996 жылдан бастап тойланады. 1995 жылдың 18 қазанында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтің жарлығы бойынша 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні деп жарияланды.Осыған орай мектебімізде оқушыларымызыдң қатысуымен іс-шара өткізілді.
Н. Курмашев пен Қ.Жолмағамбетованың ұйымдастыруларымен 6-11 сынып  оқушылары арасында "Бояулар құпиясы" суретшілер байқауы
30
апрель
2025
Н. Курмашев пен Қ.Жолмағамбетованың ұйымдастыруларымен 6-11 сынып
Бүгін, 30.04.2025ж күні Төле би ауылының N37 орта мектебінде Іле аудандық әдістемелік орталығының жылдық жоспарына сәйкес эстетикалық бағыт бойынша көркем еңбек пәні мұғалімдері Н. Курмашев пен Қ.Жолмағамбетованың ұйымдастыруларымен 6-11 сынып  оқушылары арасында "Бояулар құпиясы" тақырыбында аудандық жас суретшілер байқауы болып өтті.  Байқаудың мақсаты: оқушылардың көркемдік, шығармашылық қабілеттерін дамыту және олардың кәсіби бағдарлануын ынталандыру. 1 мамыр - Қазақстан халықтарының
Баланың өмір қауіпсіздігін сақтау
19
апрель
2025
Баланың өмір қауіпсіздігін сақтау
Бүгін, 18.04.2025ж күні мектебімізде ДТІЖО Н.Курмашев пен мектеп педагог- психологі С.Рысбекованың ұйымдастыруымен “Баланың өмір қауіпсіздігін сақтау” тақырыбында мектепшілік ата- аналар жиналысы болып өтті. Жиналысқа 55 ата- ана қатысты. Мақсаты: зорлық - зомбылыққа жол бермеу, бала қауіпсіздігін қатаң сақтау, барлық келеңсіздік оқиғалардың алдын алу, баланы қолдауға бағытталған кеңестер беріп, жан-жақты профилактикалық алдын алу жұмыстарын күшейту болды. Мектеп директоры Балғабаева Ақерке
111 қызметі 1414 Біріңғай байланыс орталығы
08
апрель
2025
111 қызметі 1414 Біріңғай байланыс орталығы
111 қызметі 1414 Біріңғай байланыс орталығы қызметіне ұқсас ұйымдастырылып, келесідей мүмкіндік береді: Әр түрлі байланыс арналары -телефон қоңыраулары, аудио қоңыраулар, мәтіндік диалоктар арқылы азаматтарға кеңес беру, психологиялық көмек көрсету, қоңыраулары жазу мен есеп беруді автаматтандыру, өтініштерді басқару және өңдеу.
Әдебиет әлемінде көктем самалы
31
март
2025
Әдебиет әлемінде көктем самалы
Көктемгі каникул кезінде ұйымдастырылған іс-шараға көктемгі демалыс уакытында 3 "А" сынып оқушыларымен мектебіміздің кітапханасында "Ұлыстың ұлы күні- әз Наурыз" тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды. Оқушыларымыз осы күні ұлттық киімдерін киіп келіп, қазақтың салт-дәстүрлері, ұлттық киімдері, ұлтттық тағамдары туралы кітаптарды тамашалап танысты.Оқушыларға ұлттық мереке- жыл басы Наурызды халқымыз қалай қарсы алғандығын үйретіп, насихатталды.Сонымен қатар оқушылар наурыз мерекесіне арналған
Қош келдің,әз Наурыз!
22
март
2025
Қош келдің,әз Наурыз!
«Жыл басы» – бұл әрбір қазақстандық өз мәдениеті мен тарихының өзегіне оралатын уақыт. 22 наурыз – халқымыздың дәстүрлері мен құндылықтарына қайта оралудың символы әрі жаңа тарихи кезеңді бастауға дайындық.Бұл күні біз ата-баба әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерін тамашалап, өткеннің рухын сезінеміз.
Қазақтын ұлттық кимдері челленджі
18
март
2025
Қазақтын ұлттық кимдері челленджі
Қазақтын ұлттық кимдері ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлер мен өмір салтына сай жасалып, күнделікті тұрмыс пен әлеуметтік мәртебені айқындайтын маңызды элемент болып саналады. Қазақтың ұлттық киімдері ерлерге, әйелдерге, балаларға және салт-дәстүрге байланысты арнайы киімдерге бөлінеді. Қазақтың ұлттық киімдері - тек сән ғана емес, тарих пен салт-дәстүрдің символы. Әрбір ою, әрбір өрнек - терең, мағынаға ие. Шапан, камзол, сәукеле, тымақ, тақия, қай-қайсысы да ғасырлар бойы қалыптасқан төл
17 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні
17
март
2025
17 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні
Наурызнама онкүндігі аясында бүгін — Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні болып белгіленген. Бұл күні еліміздің түкпір-түкпірінде қазақтың бай мәдени мұрасы, ұлттық құндылықтары мен дәстүрлері насихатталады. Театрландырылған қойылымдар, фольклорлық фестивальдер, ұлттық киімдер мен аспаптарды дәріптейтін көрмелер ұйымдастырылады. Бұл маңызды мереке қазақ халқының ғасырлар бойы жинақтаған мәдениетін жаңғыртуға және оны болашақ ұрпаққа жеткізуге бағытталған.