Іс-шаралар » №37ОРТА МЕКТЕП
Алматы облысы білім басқармасының
Іле ауданы білім бөлімінің
"№37 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Іс-шаралар
37 орта мектебінің ұжымы баршаңызды ұлт тарихындағы маңызды мереке – Республика күнімен шын жүректен құттықтайды!
25
октябрь
2025
37 орта мектебінің ұжымы баршаңызды ұлт тарихындағы маңызды мереке –
37 орта мектебінің ұжымы баршаңызды ұлт тарихындағы маңызды мереке – Республика күнімен шын жүректен құттықтайды! Бұл күн – мемлекетіміздің тәуелсіздікке бастар тарихи қадамының, ел бірлігі мен тұтастығының символы. Республика күні – Отанымыздың өткені мен бүгініне тағзым етіп, жарқын болашаққа сеніммен қадам басатын күн. Еліміз аман, тәуелсіздігіміз мәңгі, ұрпағымыз білімді де отансүйгіш болсын!  #РеспубликаКүні #Қазақстан  #Бірлік  #ТәуелсізЕл  #37ortamektebi
Ұлы Жеңістің - 80 жылдығы
09
май
2025
Ұлы Жеңістің - 80 жылдығы
Ащыбұлақ ауылының орталық саябағында орналасқан Даңқ ескерткішіне "Ұлы Жеңістің - 80 жылдығы" мерекесіне орай гүл шоқтары қойылды. Шараға округ әкімшілігі, мектеп басшылары және күш құрылымдарының қызметкерлері, ардагерлері  қатысты. Олар болашақ ұрпаққа бейбіт күн сыйлау үшін жат жерде ажал құшқан ерлерімізді бір минуттық үнсіздікпен еске алды.
Н. Курмашев пен Қ.Жолмағамбетованың ұйымдастыруларымен 6-11 сынып  оқушылары арасында "Бояулар құпиясы" суретшілер байқауы
30
апрель
2025
Н. Курмашев пен Қ.Жолмағамбетованың ұйымдастыруларымен 6-11 сынып
Бүгін, 30.04.2025ж күні Төле би ауылының N37 орта мектебінде Іле аудандық әдістемелік орталығының жылдық жоспарына сәйкес эстетикалық бағыт бойынша көркем еңбек пәні мұғалімдері Н. Курмашев пен Қ.Жолмағамбетованың ұйымдастыруларымен 6-11 сынып  оқушылары арасында "Бояулар құпиясы" тақырыбында аудандық жас суретшілер байқауы болып өтті.  Байқаудың мақсаты: оқушылардың көркемдік, шығармашылық қабілеттерін дамыту және олардың кәсіби бағдарлануын ынталандыру. 1 мамыр - Қазақстан халықтарының
"Бұрымды қыз"
09
сентябрь
2024
"Бұрымды қыз"
Мектебіміздің қыздары "Бұрымды қыз" челленджіне қатысты. Қазақ xалқының дүниетанымында бұрым — сұлулықтың белгісі, қыздардың ары мен абыройы. Әрбір қыз баласын белінен төгілген бұрымы мен ақылына қарап бағалаған.
«Мектебім - мейірім мекені»
01
сентябрь
2024
«Мектебім - мейірім мекені»
     Мектебіміздің жаңа оқу жылы «Мектебім - мейірім мекені» атты алғашқы қоңырауға арналған сап түзеумен бастау алды. Мерекелік іс - шараға Ащыбұлақ ауылдық округінің ардагерлер кеңесінің мүшесі, ауылымыздың құрметті азаматы Қылышбыев Қайритдин ақсақалымыз құрметті қонақ ретінде шақырылып, алғаш мектеп табалдырығын аттағалы тұрған бүлдіршіндерге өзінің ақжарма тілектерін арнады. Мерекелік сап түзеуден кейін жаңа оқу жылы қарсаңында жағымды ахуал және оң көзқарас қалыптастыру мақсатында
Абай күні
10
август
2024
Абай күні
Құрметті қазақ елі! Сіздерді әлемдік деңгейдегі ойшыл, ұлт руханиятының темірқазығы – Абай күнімен құттықтаймыз! Абайдың шығармашылық мұрасын бүкіл әлем мойындады. Оның шығармалары көптеген тілдерге аударылды. Ұлы қазақ ақынының мұрасы - әлемдік мәдениеттің ажырамас бөлігі, ал оның есімі барлық халықтардың ұлы ақындарымен бір қатарда тұр. Ұлы ақын және қазақ әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбайұлы 1845 жылы 10 тамызда дүние келген.
«Қара жорға» бірыңғай би флешмобына қатысты
19
март
2024
«Қара жорға» бірыңғай би флешмобына қатысты
Наурыз мерекесі - ұлттық сәйкестікке және үйлесімділікке, құт-береке мен бірлігі мерекесі.«Наурыз мейрамын мерекелеу» іс-шаралар жоспары шеңберінде мектеп оқушылары 19 наурыз күні білім беру ұйымдары арасында өткен «Қара жорға» бірыңғай би флешмобына қатысты. Іс-шараның мақсаты жалпыұлттық келісім мен қазақстандық патриотизмді нығайту, рухани құндылықтарды жаңарту және мереке мазмұнын жаңарту, байыту болып табылады.Оқушыларымыз республикалық флешмобты қолдай отырып, қазақтың ұлттық биі
"Жыр алыбы- Жамбыл"
28
февраль
2024
"Жыр алыбы- Жамбыл"
    Бүгін 28.02.2024 жылы өлең сөздің дүлділі,жырау,жыршы,жүз жасаған ұлы ақын Жамбыл Жабаевтің туған күні. Қазақ поэзиясының әйгілі тұлғасы 1846 жылы 28 ақпанда  қазіргі Жамбыл облысы Жамбыл тауының етегінде дүниеге келген. Ақынның туғанына  178 жыл толуына орай біздің мектептің кітапханасында "Жыр алыбы- Жамбыл" тақырыбында көрме ұйымдастырылып,ақпараттық күн өтті. Кітапханашы Бекпарова Айнұр оқушыларға ақынның өмірі мен шығармашылығына шолу жасады. Ақпараттық күннен оқушыларымыз ақынның
Волейболдан мектепшілік жарыс
05
январь
2024
Волейболдан мектепшілік жарыс
       6 қаңтар күні Төле би ауылындағы N37 орта мектептің спорт залында ер балалар командалары арасында волейболдан мектепшілік жарыс болып өтті. Өте тартысты өткен жарыс қорытындысы бойынша 4-7 сыныптар арасында 1-орынды 7-сынып, 2-орынды 6-сынып, 3-орынды 5-сынып командалары иеленді. 8-11сыныптар арасында 1-орынды 10-сынып, 2-орынды 8-сынып, 3-орынды 9-сынып командалары иеленді. Жеңімпаз және жүлдегер командалары арнайы тағайындалған кубоктармен және медальдармен марапатталды. Жарысты
Әліппемен қоштасу"  кеші
26
декабрь
2023
Әліппемен қоштасу" кеші
Бүгін 26.12.23ж күні бастауыш саласы бойынша өте маңызды мерекелік шара  "Әліппемен қоштасу"  кеші болып өтті Мақсаты-   оқушылардың Әліппе пәнін оқу барысында алған білімдерін қорыту, төрт айдың ішінде мектеп қабырғасында үйренген өнерлері мен іскерліктерін  ата- аналарға көрсету  сонымен қатар  оқушылардың әліппеден алған білімдерін ортаға салу,  ана тілі оқулығымен таныстыру яғни өзін-өзі басқаруға үйрету болды. Білім негізі мектепте қаланады, ал мектеп табалдырығын аттаған жас шәкірттің