Ақпарат » Страница 8 » №37ОРТА МЕКТЕП
Алматы облысы білім басқармасының
Іле ауданы білім бөлімінің
"№37 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
Биыл бірінші сыныпқа қабылдау 1-сәуірде басталады
04
март
2024
Биыл бірінші сыныпқа қабылдау 1-сәуірде басталады
1 сыныпқа қабылдау Құрметті ата-аналар, ұстаздар, балалар, ағымдағы жылғы 1 сәуірден бастап 2023-2024 оқу жылына 1 сыныпқа құжат қабылдау басталды!          ҚР БжҒМ-ң 16.10.2018 жылғы № 564 бұйрығына сәйкес, жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мектептердің бірінші сыныбына қабылданатын балалардың ата-аналарынан немесе өзге де заңды өкілдерінен құжаттарды қабылдау ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 сәуірінен бастап 31 тамызына дейін жүзеге асырылады. 1-сыныпқа 6 жастан бастап
Мектебімізде бүгін “Алғыс айту” күніне орай, 8 сыныптар арасында “Алғыс айту-парызым” атты шығарма байқауы өтті.
29
февраль
2024
Мектебімізде бүгін “Алғыс айту” күніне орай, 8 сыныптар арасында
Мақсаты: Өскелең ұрпақтың бойына ұлттық тәрбиені сіңіре отырып, ойлау, пайымдау қабілетін дамыту, сөздік қорын молайту, қиялына ерік бере отырып, тілге деген құрметін арттыру, айналамыздағы жақын жандарымызға алғыс айта білуді үйрету! Оқушылар шығарма барысына дүниеге әкелген аналарына алғысын шын жүректен білдірді, сонымен қатар өсірген әкесіне, ата-әжеге, ұстазға, бауырға, досқа деген жүрекжарды алғыстарын білдіріп жатты. Алдағы уақытта осындай іс-шаралар жалғасын табады деген үміттеміз!
1 наурыздан бастап Қазақстан 5-ші уақыт белдеуіне ауысады.
29
февраль
2024
1 наурыздан бастап Қазақстан 5-ші уақыт белдеуіне ауысады.
      2024 жылдың 29 ақпанынан 1 наурызға қараған түні республикалық 3 қала мен 12 облыс аумағында жергілікті уақыт 1 сағатқа артқа ауыстырылады. Бұл жайында ашық НҚА-да жарияланған Үкімет қаулысының жобасында айтылған. Құжатта Қазақстан Республикасы аумағында уақыт есептеу Қазақстан Республикасының уақыт пен жиілік мемлекеттік алғашқы эталоны ұдайы жүргізетін, сақтайтын әрі беретін сағаттық белдеулердің халықаралық жүйесі бойынша жүргізілетіндігі, еліміздің бүкіл аумағында 5-ші сағаттық белдеу
"Жыр алыбы- Жамбыл"
28
февраль
2024
"Жыр алыбы- Жамбыл"
    Бүгін 28.02.2024 жылы өлең сөздің дүлділі,жырау,жыршы,жүз жасаған ұлы ақын Жамбыл Жабаевтің туған күні. Қазақ поэзиясының әйгілі тұлғасы 1846 жылы 28 ақпанда  қазіргі Жамбыл облысы Жамбыл тауының етегінде дүниеге келген. Ақынның туғанына  178 жыл толуына орай біздің мектептің кітапханасында "Жыр алыбы- Жамбыл" тақырыбында көрме ұйымдастырылып,ақпараттық күн өтті. Кітапханашы Бекпарова Айнұр оқушыларға ақынның өмірі мен шығармашылығына шолу жасады. Ақпараттық күннен оқушыларымыз ақынның
"ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ", "ЖЕР СІЛКІНІСІ КЕЗІНДЕГІ ҚОРҒАНУ ШАРАЛАРЫН ЖҮРГІЗУ"
23
январь
2024
"ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ", "ЖЕР СІЛКІНІСІ КЕЗІНДЕГІ ҚОРҒАНУ
"ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ", "ЖЕР СІЛКІНІСІ КЕЗІНДЕГІ ҚОРҒАНУ ШАРАЛАРЫН ЖҮРГІЗУ" тақырыбында сейсмологиялық жаттығулары өткізілді.  Мақсаты: оқушыларға төтенше жағдай туралы түсінік беру,  оның алдын алу туралы жалпы мағлұмат  яғни қауіпсіздік шараларын күшейту, жандандыру және сақтық шараларын қатаң ұстану туралы нақты түсініктер берілді.
Волейболдан мектепшілік жарыс
05
январь
2024
Волейболдан мектепшілік жарыс
       6 қаңтар күні Төле би ауылындағы N37 орта мектептің спорт залында ер балалар командалары арасында волейболдан мектепшілік жарыс болып өтті. Өте тартысты өткен жарыс қорытындысы бойынша 4-7 сыныптар арасында 1-орынды 7-сынып, 2-орынды 6-сынып, 3-орынды 5-сынып командалары иеленді. 8-11сыныптар арасында 1-орынды 10-сынып, 2-орынды 8-сынып, 3-орынды 9-сынып командалары иеленді. Жеңімпаз және жүлдегер командалары арнайы тағайындалған кубоктармен және медальдармен марапатталды. Жарысты
ҚҰТТЫҚТАУ!
01
январь
2024
ҚҰТТЫҚТАУ!
Құрметті Отандастар, әріптестер, ата-аналар, жаңа Қазақстан шәкірттері!  Сіздерді келіп жеткен 2024 жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын! Бұл күн болмыстағы бояудың барлығын үміттен, қуаныштан, адами қасиеттерден алып, айналаға нұр болып шашылып, әр шаңыраққа шуақ болып тарайтын күн!   Жаңа 2024 жылы  әрбір игі істер мен жаңа бастамаларыңызға сәттілік серік болып, отбасыңызға баянды бақыт пен бақ - береке әкелсін! Ұстаздарымызға жаңа жыл тың шығармашылық ойлар, биік кәсіби жетістіктер, керемет оң
Қош келдің, Жаңа жыл -2024
27
декабрь
2023
Қош келдің, Жаңа жыл -2024
      Желтоқсан айының 27 жұлдызы күні Ащыбұлақ ауылдық округі әкімінің  ұйымдастыруымен  N44орта мектеп базасында  “Қош келдің, Жаңа жыл -2024”  тақырыбында көп балалы, аз қамтылған отбасы оқушыларына  арналған,  жаңа жылдық шырша салтанаты өткізілді. Мектебімізден  салтанатты шараға 10оқушы қатысып, мерекелік көтеріңкі көңіл- күй қалыптастырылды.  Ащыбұлақ ауылдық округінің әкімі Ж.Оңалбаев шырша шымылдығын аша отырып,балаларды  жаңа жыл мерекесімен құттықтап, өз ыстық лебіздерін толассыз
"9 айға - 9 іс-шара" жобасы аясында мектеп оқушылары арасында "Шығарма жазу: болашаққа хат" челлендж
25
декабрь
2023
"9 айға - 9 іс-шара" жобасы аясында мектеп оқушылары арасында
"№37 орта мектебі" МКМ Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік қарсаңында "9 айға - 9 іс-шара" жобасы аясында мектеп оқушылары арасында "Шығарма жазу: болашаққа хат" челленджі өтті. Мақсаты: оқушының сөз саптауын дамыту, ойын жазба түрінде нақты жеткізуі, рухани адамгершілік патриотизмді ояту #9айға9іс-шара  #шығармажазу
Мектебімізде Мұзафар Әлімбаевтың 100 жылдығына арналған сыныптан тыс іс-шара өтті
22
декабрь
2023
Мектебімізде Мұзафар Әлімбаевтың 100 жылдығына арналған сыныптан тыс
 Мектебімізде Мұзафар Әлімбаевтың 100 жылдығына арналған сыныптан тыс іс-шара өтті. Тумайды жұртын ақын жылатуға,  Туады жүректерді нұрлантуға, Өлеңін орамал ғып өтеді олар Көз жасын адамзаттың құрғатуға.  Шығады шың басына шығады өнер,  Шын ақын екі туып, бір - ақ өлер.  Алдында әр заманның, әр ұрпақтың Құламай тіккен туы тұра берер. Іс-шараның мақсаты: Мұсафар Әлімбаевтың өмірі мен шығармашылығына жан-жақты тоқталу, талдау, таныстыру сонымен қатар шығармашылығын дәріптеу.