Все публикации пользователя admin » Страница 8 » №37ОРТА МЕКТЕП
Алматинская область білім басқармасының
Коммунальное государственное учреждение
"№37 орта мектебі"
отдела образования Илийского района
Приемная
+7(72) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72) 43-50-93
Версия для
слабовидящих
» Все публикации пользователя admin » Страница 8
Ұлттық спорт түрлері ұлықталатын күн
20
март
2024
Ұлттық спорт түрлері ұлықталатын күн
Бүгін Наурызнаманың онкүндігіне сәйкес 20 наурыз ұлттық спорт түрлері ұлықталатын күн. Ұлттық спорт түрлері еліміздің брендіне айналған. Қазақ халқы ежелден барлық мерекеде жарыс ұйымдастырған. Елімізде бәйге, көкпар, аударыспақ, жамбы ату, теңгеге ілу, құсбегілік және тоғызқұмалақ, асық ату, садақ тарту турнирлері сияқты ұлттық спорт түрлері тез танымал болып, көпшіліктің қызығушылығын оятуда. Аталған мереке елде спортты дамыту мен спорттағы жетістіктерді ынталандыруға арналған. Ұлттық спорт
Ынтымақ күні
20
март
2024
Ынтымақ күні
Ынтымақ күні өткенді еске түсіруден, ата-бабамыздың қазіргі уақытты қалыптастыруға және сақтауға қосқан үлесінің маңыздылығын түсінуден тұрады. Ынтымақ күні – ел үшін маңызды тарихи оқиғалар мен ұлттың жетістіктерін еске алу уақыты, сонымен қатар елдегі әртүрлі топтар мен қоғамдық топтарды біріктірудің маңыздылығын білдіреді.
«Қара жорға» бірыңғай би флешмобына қатысты
19
март
2024
«Қара жорға» бірыңғай би флешмобына қатысты
Наурыз мерекесі - ұлттық сәйкестікке және үйлесімділікке, құт-береке мен бірлігі мерекесі.«Наурыз мейрамын мерекелеу» іс-шаралар жоспары шеңберінде мектеп оқушылары 19 наурыз күні білім беру ұйымдары арасында өткен «Қара жорға» бірыңғай би флешмобына қатысты. Іс-шараның мақсаты жалпыұлттық келісім мен қазақстандық патриотизмді нығайту, рухани құндылықтарды жаңарту және мереке мазмұнын жаңарту, байыту болып табылады.Оқушыларымыз республикалық флешмобты қолдай отырып, қазақтың ұлттық биі
Домбыра – ежелгі дәуірден келе жатқан қазақ халқының кең тараған қасиетті ұлттық музыкалық аспабы
19
март
2024
Домбыра – ежелгі дәуірден келе жатқан қазақ халқының кең тараған
Домбыра – ежелгі дәуірден келе жатқан қазақ халқының кең тараған қасиетті ұлттық музыкалық аспабы. Сондықтан өскелең ұрпақ домбырада орындау өнерінің қасиетті дәстүрін жалғастыруы керек. Ағымдағы жылғы 20 наурыз күні «Наурызды мерекелеу» аясында оқушыларымыз домбырашылар челленджіне қатысты. Мектебімізде домбыраның күмбірлеген үні естіліп, домбырашылар оркестірі «Ерке сылқым» және «Ер Тұран» күйлерін орындау арқылы мектебіміздің мәдени өміріне өз үлестерін қосты. Челлендждің мақсаты – білім
«Жаңару күні».
19
март
2024
«Жаңару күні».
19 наурыз - «Жаңару күні». Бұл күні табиғат қайта түлеп, тіршілік оянады. «Жаңару күні» ел өміріндегі және әрбір қазақстандықтың өміріндегі жаңа кезеңінің басталуын сипаттайды. Бұл уақытта адам алдына жаңа мақсаттар қойып, жаңа жобалар бастап, өмірін жақсарту бағытында шешімдер қабылдауы керек.Мектебімізлің ауласында «Жаңару күніне» орай көктемгі ағаш көшеттері отырғызылды.
Қазақ мәдениетінде шаңырақтың қадір-қасиеті айрықша
18
март
2024
Қазақ мәдениетінде шаңырақтың қадір-қасиеті айрықша
Қазақ мәдениетінде шаңырақтың қадір-қасиеті айрықша. Ол – әрі аспан күмбезі, әрі үй-жай, әрі тірек, әрі бақуаттылық пен қауіпсіздік және ұрпақтар сабақтастығы. Ол – ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан материалдық және рухани мұра, сонымен қатар отбасының тұрақтылығы мен ұрпақтың үздіксіз жалғасуының символы.
Ұлттық киім күні
16
март
2024
Ұлттық киім күні
Ұлттық киім күні – киім үлгісі арқылы әр адамға өз даралығын білдіруге, сонымен қатар Қазақстанның бірлігі мен мәдени әралуандығын танытуға мүмкіндік береді.Бұл айтулы күні біз әрбір қазақстандықты өз мәдениеті мен ұлттық бірегейлігін мақтан тұтуға, ата-бабаларымызға құрмет көрсетуге және озық дәстүрлерімізді қазіргі заманға жалғауға шақырамыз
Наурыз – мейірім мен қайырымдылық мерекесі
15
март
2024
Наурыз – мейірім мен қайырымдылық мерекесі
Наурыз – мейірім мен қайырымдылық мерекесі. “№37 орта мектебі» МКМ -де 15 наурыз күні Қазақстан халқы «Қайырымдылық» күнін атап өтілді. Бұл күн еліміздің халқын мейірімділік пен тату көршілікке шақырады. Мұқтаж жандарға қол ұшын созу, кімге болсын құшағын жайып, қонақжайлық көрсету – қазақтың қанында бар қасиет. Наурызды мерекелеу кезінде бұл қасиеттерді барынша кеңінен насихаттау, оның қадірін арттыру аса маңызды. Өйткені көшпенділер мәдениетінде өзара көмек, жанашырлық пен қамқорлық кез
Көрісу күні
14
март
2024
Көрісу күні
Бүгін, 14 наурыз – Көрісу күні. Бұл күнді Амал мерекесі деп те атайды. Адамдар осы күні бұрынғы өкпе-ренішін кешіріп, бір-біріне амандық-саулық тілейді. Көрісу күнін мектеп ұжымы атап өтуде. Көрісу күні құтты болсын!!! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай!!!