Все публикации пользователя admin » Страница 7 » №37ОРТА МЕКТЕП
Алматинская область білім басқармасының
Коммунальное государственное учреждение
"№37 орта мектебі"
отдела образования Илийского района
Приемная
+7(72) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72) 43-50-93
Версия для
слабовидящих
» Все публикации пользователя admin » Страница 7
Алтын қазына
30
апрель
2024
Алтын қазына
«Алтын қазына » атты балаларға арналған аудандық көркем және сәндік-қолданбалы өнер байқауының тоқыма бұйымдар номинациясына белсене қатысып, өзіндік қабілеті мен белсенділігі үшін жүлделі ІІІ орынды иеленген Тайыр Әселді құттықтаймыз!
«Таза Қазақстан»
27
апрель
2024
«Таза Қазақстан»
«Таза Қазақстан» акциясы аясында Төле би ауылының көшелері тазартылып, абаттандырылды. Тұрғындар мен еріктілер аумақтағы арық – атыздарды тазаласа, мектеп қызметкерлері ағаштар мен көгалдарды ретке келтірді.   Экологиялық мәдениетті қалыптастыра отырып, отансүйгіштікке, табиғатты қорғауға,  қоршаған ортаға деген жанашырлық құндылықтарды артыруды  көздеген науқан аясында әкімдік қызметкерлері  ауыл тұрғындарын белсенді болуға шақырды. Айлық аясымен ғана шектелмейміз, деген олар әрмен қарайда
Айбергенов оқуларының аудандық кезеңі
22
апрель
2024
Айбергенов оқуларының аудандық кезеңі
Бүгін Төлеген Айбергенов оқуларының аудандық кезеңіне қатысып, жүлделі 3 орын алған 9 сынып оқушысы Максимов Абылай мен жетекшісі Конбаева Жадыра Елемесқызын шын жүректен құттықтаймыз!  
Аудандық М.Мақатаев оқулары
19
апрель
2024
Аудандық М.Мақатаев оқулары
Мектеп оқушылары арасында М.Мақатаев шығармаларын насихаттау, олардың шығармашылық қабілеттерін, тұлғалық сезім мәдениетін дамыту, ақынның рухани мұрасына деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында аудандық М.Мақатаев оқуларының "Айтып өткен ақында арман бар ма?"- тақырыбында байқауға мектебімізден 7а сынып оқушысы Байжанов Алихан қатысып, өз озық өнерімен ерекше көзге түсіп, жүлделі ІІІ орынға ие болды.Оқушымызға әлі де алар асуларың, жетер жетістіетерің көп болсын - деп толассыз ізгі тілектер
Айналаны көгалдандыру – жалпыға ортақ ізгі міндеттердің  бірі.
30
март
2024
Айналаны көгалдандыру – жалпыға ортақ ізгі міндеттердің бірі.
Айналаны көгалдандыру – жалпыға ортақ ізгі міндеттердің бірі. Бүгінгі дәстүрлі шара "Ағаш отырғызу" акциясын мектебіміздің басшысы Балғабаева Акерке Әбдімәжитқызы өзі бастап, ауызбірлігі мен үйлесімділігі жарасқан ұжымымен, яғни ұстаздар қауымымен мектеп айналасына жеміс ағаш көшеттерін отырғызып, табиғатты қорғауда және көгалдандыруда өз үлестерін аянбай қосты. Сонымен қатар, сенбілікте санитарлық- тазалық жұмыстары да жүргізіліп, ауаның түрлі ластануының алдын алды.
«Бала шабыты» халықаралық конкурсына қатысып бас жүлдені иеленді
28
март
2024
«Бала шабыты» халықаралық конкурсына қатысып бас жүлдені иеленді
Мектебіміздің домбрашылар оркестірі «Бала шабыты» халықаралық конкурсына қатысып бас жүлдені иеленді. Жетекшісі музыка пәнінің мұғалімі Айнұр Азилханова. Бас жүлделеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Жеңісті күндер көп болсын! Біз шәкірттерімізбен мақтанамыз!
Дүниежүзілік жабайы табиғатты қорғау қоры
25
март
2024
Дүниежүзілік жабайы табиғатты қорғау қоры
«Жер сағаты» - дүниежүзілік жабайы табиғатты қорғау қорының (WWF) бастамасымен 2007 жылдан бері бүкіл әлемде өткізіліп келе жатқан ең ауқымды халықаралық экологиялық шара. Аталған шараға 180 ел, 7 мың қала қатысады. Жыл сайынғы дәстүр бойынша наурыз айының соңғы сенбісінде ел тұрғындары сағат 20:30-дан 21:30-ға дейін үйі мен пәтеріндегі шамдар мен тұрмыстық электр құралдарын өшіреді.Бұл акцияға мемлекеттік және жеке тұлғалар да қолдау көрсетеді.
22 наурыз – халқымыздың дәстүрлері мен құндылықтары
22
март
2024
22 наурыз – халқымыздың дәстүрлері мен құндылықтары
22 наурыз – халқымыздың дәстүрлері мен құндылықтарына қайта оралудың символы әрі жаңа тарихи кезеңді бастауға дайындық. Барлық қалалардың басты алаңдарында этноауылдар ашылып, ұлттық мәдениеттің байлығын паш етеді. Бұл күні біз ата-баба әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерін тамашалап, өткеннің рухын сезінеміз.
24-наурыз дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күн
20
март
2024
24-наурыз дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күн
4-наурыз дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күніне арналған жоспар негізінде наурыздың 18-і күні 37 орта мектеп медбикесі Кенжебаева Нургул оқушыларға «Туберкулезден сақтану» тақырыбында диктант жазғызды.9-11 сынып оқушыларына слайд көрсетілді.15 жасқа толғаннан бастап әр жыл сайын флюрография түсу керектігі түсіндіріліп айтылды. Мақсаты: Аурудың негізгі белгілерін, алдын – алу, сақтану жолдарын, дұрыс тамақтану туралы оқушыларға мағлұмат беру.