Все публикации пользователя admin » Страница 19 » №37ОРТА МЕКТЕП
Алматинская область білім басқармасының
Коммунальное государственное учреждение
"№37 орта мектебі"
отдела образования Илийского района
Приемная
+7(72) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72) 43-50-93
Версия для
слабовидящих
» Все публикации пользователя admin » Страница 19
"Мен өмірді жырлау үшін келгенмін!"
09
февраль
2023
"Мен өмірді жырлау үшін келгенмін!"
              Мектебімізде 9.02.2023ж күні Хантәңірдің мұзбалағы, ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай ұйымдастырылған "Мен өмірді жырлау үшін келгенмін!" әдеби- сазды кеші өтті. Кеште оқушылар ақынның сөзіне жазылған әндерді орындап, өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқып, шығармашылығына тағзым етті.Сондай-ақ "Ғасыр ақынының" өлеңдеріне челлендж ұйымдастырылды.
Орта буын оқушыларымен түрлі келеңсіздіктердің алдын алуда жұмыстар
25
январь
2023
Орта буын оқушыларымен түрлі келеңсіздіктердің алдын алуда жұмыстар
Мектебіміздің оқу- тәрбие жоспарына сәйкес орта буын оқушыларымен түрлі келеңсіздіктердің алдын алуда жұмыстар атқарылуда. Оқушыларымыздың күнделікті психологиялық жәй- күйін бақылауда ұстау яғни олардың әрбір іс-әрекетіне мән беру немесе назардан тыс қалдырмау- ол бізге артылған үлкен жауапкершілік. Алайда, Баланың сана-сезімін үнемі сергітіп,серпілтіп отыру, оларды көп жетістіктерге жетелейді. Бала- біздің болашағымыз яғни өміріміздің жалғасы. Сондықтан,тәрбиеге аса мән беру үлкен міндет!!!
Кітапхана
25
январь
2023
Кітапхана
Мектеп кітапханашысы А.Бекпарованың ұйымдастыруымен 6 сынып оқушылары арасында ауылымыздың Аға ұстазы Алтынбеков Отарбек Сәлімжанұлымен кездесу өткізді. Аға ұстаз өз өмірбаянынан бастап ұстаздық жолында болашақ ұрпаққа тәрбие беруде аянбай үлкен үлес қосқаны туралы әңгімесін айтты. Оқушылар тарапынан бірқатар сұрақтар қойылып ауқымды жауаптар алынды. Балалар кездесуден алған әсерлерімен бөлісіп өз өнерлерін де ортаға салып, өмірге деген сенімділіктерін арттырды.
Жасөспірімдерді жаман әдеттерден аулақ болуға баулу
13
январь
2023
Жасөспірімдерді жаман әдеттерден аулақ болуға баулу
Мектепшілік жоспарға сәйкес жат қылықтардың алдын- алуда "АҚТҚ(вич)- ғасыр дерті" тақырыбында 10сынып оқушыларымен дебат өткізілді. Мақсаты жасөспірімдерді жаман әдеттерден аулақ болуға баулу болды.Оқушыларды салауатты өмір салтын ұстануға шақырып, ертеңгі Еліміздің болашағы жарқын болуда, оларға жаман әдеттерден аулақ болып, салауатты өмір салтын ұстануға жақын болуға әңгіме- сұхбаттар жүргізіліп, практикалық кеңестер берілді. #Ілеауданы #Толебиауылы #37ортамектебі #Бізбіргеміз [i][/i]
Бейімделу кезеңі бойынша жұмыстар
09
январь
2023
Бейімделу кезеңі бойынша жұмыстар
Мектебімізде оқу-тәрбие аясы психологиялық қолдаумен 1және 5сыныптар арасында Бейімделу кезеңі бойынша жұмыстар атқарылуда.  Ия, орта буынға оқушыларды бейімдеу оңай шара деуге болмайды... Алайда, олардың бастауыш мектептең орта буынға ауысуы дисбаланс тудырмауы мүмкін емес. Сол себепті олармен жиі практикалық әңгіме-сұхбат яғни сауықтыру жұмыстарын жүргізу түрлі келеңсіздіктің алдын алады.Ия, осы кезеңде оқушыда көрініс беретін трансформациялар түрлері өте көп болады. Сондықтан баламен
"Оқуға құштар мектеп"
08
ноябрь
2022
"Оқуға құштар мектеп"
"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында 8.11.2022 ж №37 орта мектебінде жазушы-журналист, ақын, аудармашы-Саят Қамшыгермен кездесу өтті. Кездесудің мақсаты:  Саят Қамшыгердің өмір жолымен, шығармашылығымен оқушыларды таныстыру, ақынның қаламынан шыққан кітаптармен оқушыларды таныстыра отырып, кітап оқуға қызығушылығын арттыру,  отанды туған жерді сүюге тәрбиелеу, ақын жырларынан үлгі алуға шақыру . Кездесу ақынмен сұхбат айдарынан басталды. Оқушылар ақынның өлеңдерін жатқа айтып,  және өздерінің
ІЛЕ АУДАНЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ЖЕҢІСІ
27
октябрь
2022
ІЛЕ АУДАНЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ЖЕҢІСІ
"Дарынды балаларға - талантты ұстаз" педагогикалық олимпиадасының облыстық кезеңінде №37 орта мектептің химия пәні мұғалімі, жас маман Темирбаева Қазына жүлделі І орынды иеленіп, аталған байқаудың республикалық кезеңіне жолдама алды.  Аталмыш олимпиада педагогикалық өтілі 5 жылға дейінгі жас мамандар арасында 27-қазан күні Қонаев қаласындағы №3 орта мектеп базасында өтті. Қараша айында өтетін республикалық кезеңінде Қазына Қуандыққызына сәттілік тілейміз!
Ұстаз – ұлағатты есім, ұлы сөз
30
сентябрь
2022
Ұстаз – ұлағатты есім, ұлы сөз
Ұстаз – ұлағатты есім, ұлы сөз.Өмір көшіне еру үшін мектептен білім алу керек десек, ұстаз бен мектеп ұғымы қатар тұрардай.Оқушыны білім көкжиегінде самғататын да ұстаз!  «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» дейді, демек ұстаз оқушыға тек білім бермейді, сонымен қатар өмір сүруді үйретеді яғни әлемді танытады. Ұстазсыз адам дәрігер де, әнші де, суретші де, әкім де бола алмайды! Сондықтан да ұстазды екінші «Ана» деп қабылдаймыз. Ұстаздар мерекесіне орай ұйымдастырылған іс-шарадан көріністер...