Мектепшілік пән олимпиадасы бастау алды
Жалпы мектепте білім сапасын есепке алудың, оқушылардың біліктілігі мен білімін бағалаудың, игерілген білімді пайдалана білу қабілетін қалыптастырудың белсенді формасы - пәндік олимпиада болып табылады. Пән олимпиадаларының өткізілу мақсаты – дарынды және талантты балаларды анықтау, оқушылардың танымдық қызығушылықтарын дамыту. Осы мақсатпен мектебімізде 09.10.2023 күні мектепішілік пән олимпиадасы бастау алды. Бүгінгі пән олимпиадасы қазақ тілі мен математика пәнінен болды.