Мероприятие » Страница 2 » №37ОРТА МЕКТЕП
Алматинская область білім басқармасының
Коммунальное государственное учреждение
"№37 орта мектебі"
отдела образования Илийского района
Приемная
+7(72) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72) 43-50-93
Версия для
слабовидящих
"Ұлт қорғаны" тақырыбында іс-шара болып өтті.
21
декабрь
2023
"Ұлт қорғаны" тақырыбында іс-шара болып өтті.
       Бүгін 21.12.2023ж күні Қазақстан тарих пәнінен 9сыныптар арасында Тәуелсіздіктің 32 жылдығына орай тарих пән мұғалімі С.Нұрғалиеваның ұйымдастыруымен "Ұлт қорғаны" тақырыбында    іс-шара болып өтті.  Мақсаты — оқушыларды елжандылыққа,  адамгершілікке,  ұлтының дәстүрін,  тілін,  менталитетін сүюге,  құрметтеуге тәрбиелеу және жеке өз ойын ашық, анық жеткізуге баулу болды.Шараның талаптарына байланысты әр топ өз білімдерін  паш етіп яғни ортаға салып, патриотты сезімі жоғары қалыптасқан
"Мен сізді үлгі тұтамын" тақырыбында ашық алаңында сыр- сұхбат кездесуі  болып өтті.
07
декабрь
2023
"Мен сізді үлгі тұтамын" тақырыбында ашық алаңында сыр- сұхбат
Орта буын оқушыларының қатысуымен "Мен сізді үлгі тұтамын" тақырыбында  ардагер ұстаз  Д.Джамалбековпен ашық алаңында сыр- сұхбат кездесуі  болып өтті.  Мақсаты: білім алушылардың бойында азаматтық белсенділік, әлеуметтік құзыреттілік, азаматтық жауапкершілік дағдыларын дамыту, жоғары мәдениетті гуманистік бағыттағы азаматт тәрбиелеу болды.   Сұхбат жүргізушісі 6 сынып оқушысы Нұрболатқызы Ботагоз ардагер ұстазымызбен   кездесу аясында бірқатар  сұрақтар қойып, қызықты, тартымды тәрбиелік мәні
"Білім жолын бастаған, бастауышым бастамам"
13
ноябрь
2023
"Білім жолын бастаған, бастауышым бастамам"
Бүгін 13.11.23 ж күні "Бастау" әдістемелік бірлестігінің 13.11-24.11.2023ж аралығында өткізілетін "Білім жолын бастаған, бастауышым бастамам" атты онкүндіктің ашылу салтанаты болып өтті. Мақсаты: Инновациялық технологияларды пайдалана отырып, пән мұғалімдерінің шеберлігін шыңдау. Оқушылардың қызығушылығын арттыру. Салтанатты жиында оқушыларымыз өз өнерлерін көрсетті. Бірлестік жетекшісі С.Ниетулаева жиын соңында онкүндік жоспарымен толық таныстырып өтті
25 қазан- Республика күні!!
23
октябрь
2023
25 қазан- Республика күні!!
25 қазан- Республика күніне орай ұйымдастырылған "Мәңгілік жасай бер, Қазақстаным!" тақырыбында  салтанатты,мерекелік  іс-шара болып өтті.  Мыңдаған жылдық тарихы бар қазақ елі еркіндікке жету үшін қаншама қиын- қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Бұл еркіндік оңайлықпен келген жоқ. Біз тәуелсіздік алып, өсіп, өнудеміз.Еліміз тәуелсіздік алып, ел болып есін жинап, жоғын жоқтап, барын базарлаған, асылын ардақтаған Ұлы елге айналдық.  Бостандық пен еркіндіктің бастауы болып табылатын осы бір күн,
"Алтын күз"  мерекесі
20
октябрь
2023
"Алтын күз" мерекесі
"Алтын күз"  мерекесіне орай ұйымдастырылған 6,7,8 сынып оқушылары  арасында  сайыс өтті.  МАҚСАТЫ: балаларды күз әлемімен таныстыру, күз мезгіліндегі көріністерді сахналандыру, балалардың ойын, ән, билер арқылы күзгі мерекелік көңіл- күйлерін көтеру және  табиғатты сүйіп, қорғауға, аялауға тәрбиелеу болды. Өз өнерлерін сайыс өнерпаздары аянбай ортаға салып, ерекше  көзге түсіп, бас жүлдеге ие болған 6ә сынып оқушыларын, құттықтаймыз! 💐
Жеткіншектерді салауатты өмір салтын ұстанумен қатар оларды спорт саласына баулу
20
октябрь
2023
Жеткіншектерді салауатты өмір салтын ұстанумен қатар оларды спорт
25 қазан -  Республика күніне орай мектебімізде 6-8 сыныптар арасында  Д.Джамалбеков   ағайдың ұйымдастыруымен волейболдан сыныпаралық жарыс өтті.  Мақсаты: жеткіншектерді салауатты өмір салтын ұстанумен қатар оларды спорт саласына баулу болды.  Мектеп басшысы Балғабаева  Акерке Әбдімәжитқызы Джамалбеков Даулетбай ағамызға  жас ұрпақты тәрбиелеуде  қосып келе жатқан зор үлесі үшін  үлкен алғыс жариялады.
"Ауылым-   алтын бесігім" ауқымды шараға  мектебіміздің өнерпаз оқушылары қатысты
11
октябрь
2023
"Ауылым- алтын бесігім" ауқымды шараға мектебіміздің өнерпаз
         Іле ауданы мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай "Ауылым-   алтын бесігім" тақырыбында ұйымдастырылған ауқымды шараға  мектебіміздің өнерпаз оқушылары қатысып,өз өнерлерін паш етті. Шараға мектебіміздің музыка пәні мұғалімі А.Азилханованың жетекшілігімен  өнер шеберлері яғни домбыра үйірмесіне қатысатын оқушыларымыз, рухани мәдениет, өнер саласына өлшеусіз  өз үлестерін аянбай қосып келеді. Оқушыларымызға  өнердің  өребәйгесінде  тек биіктен самғай беріңдер-  дегіміз келеді!! 💐
"Кітапты Qr кодпен оқыңыз"
09
октябрь
2023
"Кітапты Qr кодпен оқыңыз"
        N37 орта мектебінің кітапханасында "Кітапты Qr кодпен оқыңыз"тақырыбында электронды кітап көрмесі ұйымдастырылды.Қазіргі заманауи кітап сүйер жастар қауымы электронды нұсқада оқығанды қалайды. Уақытын тиімді пайдаланғысы келетін оқырмандар үшін бұл жедел, әрі ыңғайлы жағдай. Оқырмандар өзінің мобильді құралдарының камерасын кітаптың Qr кодына бағыттау арқылы ұнаған шығармаларын электронды түрде оқи алады.
География және тарих пәндері бойынша мектепшілік олимпиадасы
09
октябрь
2023
География және тарих пәндері бойынша мектепшілік олимпиадасы
    География және тарих пәндері бойынша мектепшілік олимпиадасы болып өтті.  Мақсаты: аудандық олимпиадаға оқушыларды іріктеумен ғана шектеліп қоймай, бұл оқушылар үшін өз күштерін яғни білімдерін пәндер бойынша сынап көруге және пәнге деген қызығушылықтарын күшейту, қалыптастыру болды.Сәттіліктер тілейміз! 💐
Ұстазым, ұлағатым үлгі - өнегем!
06
октябрь
2023
Ұстазым, ұлағатым үлгі - өнегем!
        Қазақстанда мұғалімдер күні дәстүрлі түрде қазан айының бірінші жексенбісінде атап өтіледі. Мектеп оқушылары  мұғалімдерге құттықтау, ыстық лебіздерін толассыз жолдайды. Ұстаздарға ең құнды нәрсе - ол бала яғни оқушы. Мұғалім өзіне артылған зор жауапкершілікті тайсалмай арқалай отырып, болашаққа президентті де, шахтерді де,дәрігерді де, профессорді де т.б үлкен маман иелерін алдағы  өмірге   біліммен қаруландырып, шығаратыны  сөзсіз...Ұстаз кәсібі әрине оңай емес, бірақ оның  бүкіл