01
сентябрь
2022
Алғашқы қоңырау
Алғашқы қоңырау – әрбір мектеп табалдырығын аттағалы отырған жас өркеннің асыға күтетін мерекесі. Сондай-ақ, бүлдіршіндеріміз балғын дәурен қамсыз күнімен қоштасып, оқушы атанып, білім нәрімен сусындайтын күн. Бірі жаңадан оқушы атанса, енді бірі жаз бойы көрмей сағынысқан достарымен, екінші үйіндей болған қасиетті білім ордасымен қауышып, мәре-сәре болды. Төле би ауылы №37 орта мектепте Білім күніне арналған «Терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет!» атты салтанатты жиын өтті. 




